Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 6 наурыз күні аудандық кітапханада «Диалог» клубында «Көктем тамшылары» әдеби-сазды кездесуі өтті.

Біздің бағдарлама көктемгі құттықтаулар мен тілектерден басталды. Жалынды, лирикалық және көңілді әндер орындалды, қонақтар викторина сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді. Ерлер қымбатты әйелдерге арналған өлеңдер оқыды. Әйелдер мен ерлер туралы әзіл-тест жүргізілді, гүлдер туралы жұлдызнамалар айтылды, «Әдебиеттегі әйелдер бейнесі» атты кітап көрмесімен танысты. Әсем ханымдарды клубтың төрағасы А.Гончаренко шын жүректен құттықтап, естелік сыйлық тапсырды. Іс шараға барлығы 11 адам қатысты.