«Когда строку диктует чувство» поэзиялық кеші жергілікті ақындар А.И.Тарабанова және А.Н. Галякбаровамен Первомай ауылдық кітапханасында өтті.

Поэзия – адамзатының ежелгі, сүйікті құштарлығы. Жер бетінде ақыны жоқ бірде-бір халық жоқ шығар. Бүгінгі кештің басшысы поэзия, ал көптен күткен қонақ - поэзия десек, ол кез-келген емес, өзіміздің жерлес ақындарымыз Тарабанова Анна Ивановна және Галякбарова Альфия Нурмагамбетовнаның жазған өлеңдері. Көптен бері поэзиялық кештің рәмізі майшамның жарығы болса, кітапханашы осы дәстүрді жалғай отырып, поэзиялық кештің ошағына майшамды жағуды ұсынды. (Қатысушылар майжамды тұтатулары керек). Кітапханашы: сіздер неліктен адам жанынан данышпандық өлеңдер туатынындығын? Жүрегі өрекпіп,жан-тәнін баурап алатын ғажайып дарын иелерінен қарапайым сөздер,өзгеше,ерекше бір сезіммен қалай шығатыны туралы? Екі ауыз өлең жолдарынан бүкіл әлемді адам қалай сезінетіндігі туралы ойланып көрдіңіздерме?- деген сияқты сұрақтар қойылады. Қатысушылар осы сұрақтарға Анны Ивановна және Альфия Нурмагамбетовнадан қарапайым жауап алатын болады. Біздің кешке қатысушылар жерлес-ақындардың өлеңдерін сүйсіне оқиды, сондай-ақ жеке орындаудағы өлеңдер оқылады. Отан - деген қысқа сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші. Біздің Отанымыз - ол бір өлкеде,бір ауылда туған адамдарда. Анна Ивановна және Альфия Нурмагамбетовна екеуіде өлеңдерін туған өлкеге және біздің ауыл тұрғындарына арнаған.