Құсмұрын ауылдық кітапханасы «Туған жер» жобасы аясында Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтың ерлігінің 75 жылдығына арналған «Отанға лайықты ұл» тарихи-өлкетану сабағын өткізді. Іс-шараның мақсаты: Сұлтан Баймағамбетовтың ерлігі туралы баяндап, жастарға бейбіт өмірдің оңайлықпен емес, көптеген шығынға ұшырап, Отанға қалтқысыз қызмет етудің арқасында келгендігін естерінен шығармауға шақыру. Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов не бары 23 жыл өмір сүрседе, болашақ ұрпақтың есінде мәңгі сақталады. Ол 147 атқыштар полкі, пулеметшілер бөлімшесінің командирі, Ленинград майданындағы соғысқа қатысты. 1943 жылы 25 шілдеде Лениград қаласының Синявино ауылының жанындағы ұрыста қаза тапты. Қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.