Мемлекет басшысының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Қазақстанның рухани құндылықтары», немесе «Қазақстанның киелі географиясы»жобасы іске асырылады.


Әулиекөл аудандық кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша шыққан кітаптардың «Қасиетті Қазақстан» атты электронды тұсаукесерін әзірледі. Біздің электрондық тұсаукесердің  бетін парақтай отырып, әр оқырман табиғат ландшафының ескерткіштері және мәдени мұра, зайырлы және діни сәулет,мавзолейлер, сондай-ақ Қазақстан халқының есінде сақталатын өшпес құндылықтары  бар тарихи және саяси оқиғаларымен байланысты орындармен таныс болады. Мысал ретінде, Тараз,Ақтөбе,Алтай және т.б.көптеген киелі орындар жайлы білетін болады. 8 кітап ұсынылды,оның ішінде Б.Ә.Көшімованың  «Үстірттегі көненің іздері», Р.Ілиясованың «Шежірелі Актобе» және т.б. бар. Тұсаукесер кітапхана абонементінде оқырмандарға ұсынылады.