2018 жылғы 13 маусымда ауылшаруашылық колледжінің жатақханасында студенттер арасында Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдығына орай  «Поэзияның сиқырлы әлемі» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.     «Мағжан – орасан зор мәдениет ақыны. Оның ақындық даралығының  сиректілігі соншалықты, өз дәуірінің шеңберінен асып түседі. Бұрынғы ақындардың ішінен Мағжанның сөздері ғана болашақ ұрпақтың есінде сақталып,алға талпындырады ...» - де Мұхтар Әуезов жазған болатын.      Байқау Мағжан Жұмабаевтың  әдеби мұрасын дәріптеу , пайдаланушыларды кітапхана тарту, дарынды орындаушыларды анықтап және шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту мақсатында өткізілді. Орындаушыларға қазылар алқасы баға берді. Іс-шарада автордың мына өлеңдері: «Менің тілегім»,  «Мен жастарға сенемін», «Көктемде», «Всему миру», «Көбелек», «Түс»,  «Настроение»  және т.б. орындалды.

Қазылар алқасына поэзияның ең үздік орындаушысын таңдау оңайға түспеді. Олар студенттер Жолтаева Нұргүл және Мұсабекова Динара болды.Балаларға  «Мағжан лирикаларын» өткірлігін қабылдатуды  және алқа мүшелері мен тыңдармандарды өзіне тартқыза білді. Жұмабаевтың лирикасын терең түсініп және көкем орындауды студент Жолтаева Әсия көрсетсе,Манат Серіктің орындауы өте әсерлі шықты.Жаукина Зарина,Шукеева Сәулеге  қызу қол шапалақпен қолдау көрсетті. Кештегі  жас орындаушылардың шынайлылығы,пәктігі мен әуестенушілігі халықтың ізгі тілегіне,ұлы өнерге деген қайталанбас қуаныш пен бақыт атмосферасына айналды.

Оқырмандар назарына «Мағжан – жыр жұлдызы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрме материалдары ақын шығармаларының жарқын тұстарын  және әдеби мұрасын айқындай түсті.