18 маусымда  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және  Әулиекөл ауданының 90 жылдығын мерекелеуге арналған «Туған жерге тағзым» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде біздің еліміздің негізгі бағыттарын мен  бағдарламаларын дамыту туралы әдебиеттер ұсынылды.

Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған «Астана – Отанымыздың жүрегі»  бөлімінде  астананың тарихи өткені,жетістіктері мен көрнекілігі туралы әдебиеттер ұсынылған. 

«Тарихы терең Әулиекөл»   бөлімі Әулиекөл ауданының  тарихи дамуы туралы әдебиеттерді ұсынды.

 «Ел мақтанышы» және «Дара тұлғалар»  - тек қана Қазақстанда ғана емес, шегінен тысқары Ш.Уәлиханов, А. Байтұрсынов, С.Баймағамбетов және т.б. Әулиекөлдің белгілі тұлғалары туралы баяндайды.

Біздің көрмеміздің соңғы   «Жырым сенсің – туған жер» атты  бөлімі  С.Досмағамбетов, А.Қажи,С.Ақдаулет, К.Мырзағожин, Д.МИР  және т.б. Әулиекөл жерінің белгілі жазушыларына арналған.

Көрменің мақсаты:туған ауыл туралы білімдерін қалытастыру,  тарихымен таныстыру,шағын Отанға құрметпен қарап,  мақтаныш сезімдеріне тәрбие беру.