29 шілде күні Көктал ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауылым - алтын бесігім» атты  тарихи сағат  өткізілді, «Атамекен» клубы өтырысы. Мақсаты: жас ұрпақты өз Отанын сүюге,  туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге тәрбиелеу, оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын  көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Іс шара барысында ауылдық тарихи анықтамасы туралы баяндалды. Көктал ауылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданының шығыс бөлігінде орналасқан. Ауыл жегінде Теректі өзені өтіп жатыр. Қазіргі уақытта ауыл аумағында 6 ұлттың өкілдері тұрады. Тұрғындар мал шаруашылығымен, егістікпен және жеке қосалқы шаруашылықпен айналысады.Оқырмандарды ауылдың құрметті тұлғалары, жомарт жүрек  азаматтарымен  таныстырды. Кітапханашы ауылдағы ең үлкен қария- Мұхамедиева А. апай туралы айтты. Оқырмандар назарына  «Ауылым – алтын бесігім» кітап көрмесі ұсынылды. Қатысушылар - 30 адам.