Бүгін біздің жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтың ерлігіне 75 жыл толады, Әулиекөл аудандық кітапханасы барлық оқырмандарды  «Ел мен ердің Жеңісі. Победа солдата и народа» электрондық тұсаукесермен танысуға шақырады.

Отансүйгіштіктің  ең маңызды белгісі адамның туған жерге оның мәдениетіне, дәстүріне  деген ерекше қатынасы.   «Бұл  кездейсоқ жиналған қоғам емес,ол әр халықтың шынайы ұлттылығын айқындайтын мәдени-генетикалық коды»- деп атап өткен болатын өзінің   «Туған жер » бағдарламалық мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев. Ұрпақтардың жалғасы мен өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру, біздің тарих беттерін ұмытпауымыздың қорытындысы. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі  Ұлы Отан Соғысы уақытындағы жас жауынгерлердің ерлігінсіз мүмкін емес

Слайд-тұсаукесер түрінде  туған елімізді жаудан босатудағы біздің жерлестеріміздің  көрсеткен ерліктері туралы  баяндалды.

Тұсаукесердің мақсаты  – Отан алдындағы азаматтық борыш және сүйіспеншілік сезімдерге тәрбие беру, жерлес-батырымыздың елжандылығын үлгі ету.