2018 жылы  әдебиет әлемі қалам кемеңгерлерінің ондаған мерейтойларын атап өтуде.Солардың шығармаларының арқасында әр адам қуаныш пен  қайғы атмосферасына малынып, маңызды проблемаларын ұмытып және оған өздеріне қажетті жауап ала алады. 2018 жылғы жазушы-мерейгерлердің арасында көптеген аты әйгілі адамдар бар.

 

Бұл тұлғалар тарих және әдебиетке өшпес із қалдырған жандар. 18 қыркүйекте Әулиекөл аудандық кітапханасы Құсмұрын УК-161  түзеу-еңбек колониясында,  әр елдің мерейгер-жазущыларымен  «Кітапхана- толеранттылық аумағы» әдеби таныстыру өткізді. Іс-шараның мақсаты: ең үздік әлемдік әдебиет авторларын  еске салу, оқырмандарға жазушылардың тағдыры мен қызметі жайлы ойландыруға, олардың шығармаларымен кеңінен танысып,оқығандарын талқылауға шақыру. Іс-шарада «Кітапхана – толеранттылық аумағы» көрмесі ұйымдастырылды,оған Расул Гамзатов,Шыңғыс Айтматов, Эрих Марии Ремарк, Овидия, Джованни Боккаччо, Омар Хайям және көптеген т.б. жазушы-мерейгерлердің кітаптары ұсынылды. Арнайы жинап алынған әдебиеттер кез келген талғамға сай оқырмандардың әр жастағы топтарына арналған. Іс-шараның соңында әдеби викторина жүргізілді.