2018 жылғы  26 қыркүйекте  Көктал ауылдық кітапханасында  «Рухани қазына» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ана тілі - халқымның ары»  атты интеллектуалдық ойын өткізілді. «Атамекен » клубы өтырысы.  

   Іс-шараның мақсаты: оқушыларды  өз ана тілінің қадір – қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін  түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету; мемлекеттік  тіліміздің  мәртебесін көтеру; ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Топтар өздерін таныстырды: І топ «Шырақ»,  ІІ топ «Тапқырлар».  Ойын 3 кезеңнен тұрды:  «Сөз тапқанға», «Білімпаздар», «Сен білесің бе?». Оқырмандар  ойынға белсенді араласты, өздерінің жан-жақты білімдерін көрсете алды, өздерінің  даярлығын көрсетті. Оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрдік. Кітапхана алдына қойған мақсаттарының ең маңыздысы – бұл азаматтылықты, жоғары адамгершілік, өз халқының  салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтейтін Қазақстан патриотын қалыптастыру және тәрбиелеу.  «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!» кітап көрмесі оқырмандардың назарына ұсынылды. Дәрісхана: «Атамекен » клубының мүшелері, ауыл мектебінің  оқушылары.  Қатысушылар - 30 адам.