Қарттар күнін мерекелеу қарсаңында  Әулиекөл аудандық кітапханасының оқу залында  «Дәстүр» әдеби-фольклорлық клубының қатысушылары үшін  «Төріңнен қарт кетпесін» кездесу ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарламада өлеңдер оқылып, ән шырқалады, конкурстар  жүргізіліп, құттықтау сөздер арналды. Бұл біздің көпті көрген  «өте ересек » жандар үшін мереке ғана емес, сондай-ақ бір-бірімен қауышып,демалуға мүмкіндік беретін сәт. Сондай-ақ әжелерді құттықтау үшін кішкентай оқырмандар келіп, сазды құттықтауларын жолдады. Осындай іс-шаралар ұрпақтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтады.