3 қазанда Әулиекөл ауданында  Аманқарағай ауылдық кітапханасының негізінде  алғашқы коворкинг-орталықтың ашылу салтанаты өтті. Мерекелік іс-шараға оқырмандар, әріптестер, ауыл тұрғындары жиналды.

Коворкинг орталық  қазіргі уақытта әлемде іске асырылып жатқан, пайдаланушыларды заманауи трендтерге тарту мақсатында құрылған болатын. Бұл  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»және заманауи сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылып отырған орасан зор жұмыстың бір бөлігі, барлық салада жаңа технологияларды қолдану, бұл дамудың жаңа жолдарының бірі болып табылады.Кітапхана осы бағытты қолдай отырып,осы орталықты ашуға бастама жасады. Орталық  бұдан әрі өз жұмысын  жетілдіре түседі деп - атап өтті өз сөзінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жібек Кәкімжанқызы Тоқаева. Енді Аманқарағай  кітапханасы жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықталған, оқырмандарға арналған автоматтандырылған орындар құрылған, оқырмандар сұранысын жедел және сапалы орындау үшін - бұл кітапханалық қызметтің толық кешені.Кітапханашылар  оқырмандардың  бұл жетістікті құндылығына қарай бағалайтындықтарына сенімді. Құттықтау сөзімен Аманқарағай ауылының әкімі Итемгенов Юрий Владимирович, жазушы және белсенді оқырман  Сатыбалды Ақдәулет шықты. Өзінің жағымды пікірін кітапхана ісінің ардагері Юркова Надежда Ивановна ортаға салды.  Қонақтар үшін  коворкинг-орталығына саяхат жүргізілді.