27 қарашада Әулиекөл аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры » мақаласын түсіндіру бойынша ұйымдастыру іс-шараларының аясында  «Қазақстан бойынша сиқырлы саяхат » конкурстық-ойын бағдарламасы өтті.

 

Қазіргі заманда өмір сүріп жатқан біз еліміздің және ата-бабаларымыздың  тарихын біліп,оларды мақтан етуге міндеттіміз. Ауылшаруашылық колледжінің студенттері үшін өткізілген іс-шара үш кезеңнен тұрды:  «Тарихи тұлғаны танып-біл»,  «Тәжірибелік», «Блиц-турнир». Студенттер екі командаға бөлініп,өз капитандары мен командаларына «Алтын адам» және «Саки» атауларын таңдады.Іс-шараға қатысушылар  кітапханашыларды  Қазақстанның тарихын терең білетіндіктерімен және аса зор білімпаздықтарымен таңқаларлықтай қуантты. Кішігірім үзіліспен   «Саки» командасы жеңіске жетті. Екі командада сыйлықтармен марапатталды.