16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздіктің еркіндігі мен   қуаттылық нышаны болып табылады.  Аудандық кітапханада   «Біздің Отанымыз- Тәуелсіз Қазақстан» атты әдеби-сазды композициясы өтті. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстанның тарихи өткені  және  бүгінгісі,  жарқын болашағына деген  мақтаныш, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, моральдық-өнегелік құндылықтарға және рухани жағынан нығайтуға ықпал ету. Іс-шараға Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінің студенттері шақырылды.Қатысушыларға  «Тәуелсіздік Күні»  фильмі көрсетілді. Іс-шара  «Қазақстан - бейбітшілік пен келісім елі» слайд-тұсаукесерімен жалғасты.   «Менің Қазақстаным» атты викторина жүргізіліп, ең белсенді қатысушыларға силықтар табыс етілді.