21 желтоқсанда Әулиекөл аудандық кітапханасында Расул Гамзатовтың 95 жылдығына арналған ауылшаруашылық колледжінің студенттері үшін  «Его душа родилась крылатой» әдеби-сазды вернисажы өтті.

 

Расул Гамзатов  белгілі ақын,публицист,дағыстанның халық ақыны,оның шығармаларын  сүйіп оқитындар - көптеген поэзия сүйер  қауым. Іс-шара ақынның «Менің Дағыстаным» атты туған жер туралы аудио поэмасынан басталды, содан кейін жүргізушілер  ақынның өмірбаянымен таныстырып өтті. Отанға деген сүйіспеншілік, өмір, достық, әйелге деген махаббат және көптеген басқа дүниелер туралы жазға н Расул Ғамзатовтың өлеңдері әлем халықтарының ондаған тілдеріне аударылған және өте дана  және шынайы жолдарды түсіне оқи білетін әрбір адамның жүрегіне жол таба білген.  Біздің іс-шараларымздың тұрақты қатысушылары мектеп-гимназияның 9 сынып оқушылары К.Сивокон және Е.Кострова Расул Гамзатовтың өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Расул Гамзатовтың өлеңдеріне  Ян Френкель, Оскар Фельцман,  Раймонд Паулс, Юрий Антонов, Александра Пахмутова  және тағы көптеген композиторлар ән жазған. Солардың ішіндегі ең танымалы Ян Френкельдің әніне жазылған   «Журавли»  әнін барлық қатысушылар аса зор ықыласпен  тыңдады. Іс-шара бойы  «Расул Гамзатовтың өмірі мен шығармашылығы»  туралы тұсаукесер көрсетіліп отырды. Іс-шараның соңында махаббат тақырыбына жазылған «Исчезли солнечные дни...»  ырғақты әні орындалды. Өзге  елдердің жазушылары мен әдебиетімен танысу оқушылардың көзқарасын кеңейтеді, толеранттылық сезімін арттырады, халықтың мәдениеті мен әдебиетін құрметтеуге ықпал етеді.