Әбілхан Қастеевтың 115 жылдығына орай Әулиекөл аудандық кітапханасында «Адам, Тұлға, Дарын» көрме-вернисажы ұйымдастырылды.  Көрменің міндеті: кітапхана пайдаланушыларын көркем сурет өнеріне тарту,жас ұрпақтарды белгілі суретшінің шығармашылығымен таныстыру,халық өнері арқылы эстетикалық сезімдерге тәрбие беру. Көрме мына бөлімдерден: «Шексіз дарынды адам», «Қазақ мәдениеті» суретшінің өмірбаяны туралы мәліметтерден тұратын бөлімдерден ұсынылады. Энциклопедиялық анықтамалық. Көрменің келесі  бөлімі  Б.Тоғысбаевтың танымал суретші туралы естеліктері бойынша  «Тарихи тұлғалар », «Даланың дарынды шәкірті»  және т.б тұрады. «Уақыттың аралық әсері»  бөлімі  Ә.Қастеевтың көшірмелері бойынша  жасалған альбомнан тұрады. Көрмеге суретшінің өмірі мен шығармашылығы жайлы  жазылған кітап,журналдардағы материалдар мен туындыларының  көшірмелері  қойылған.Кітапхана барлық ниет білдірушілерді көрмені тамашалауға шақырады.