Алғашқы рет Әулиекөл аудандық кітапханасында 8 қаңтардан 8 сәуір аралығында  «Ілулі кітап» акциясы өтті. Акцияның мақсаты:кітап оқуды белсендендіру, кітапберілімді ұлғайту,үздік кітаптар оқырмандардың  рейтингін құру.«Ілу»  Неапольден бастау алады, дәмханаға келуші  басқа бір келуші үшін кофеге төлегенін жиі көруге болады.  Бұл  кофе  «ілу  » деп  аталады.

Ал кітапханада оқырман өзге оқырмандармен өзі оқыған кітаптары туралы алған әсерлерімен бөлісе алады. Олар  өздерінің  сүйікті кітаптарын «іліп қою» арқылы, яғни   оқырманның сүйікті кітабы бойынша жеке түсініктемелерімен және  өздерінің алған әсерлерімен бөлісе алу арқылы жасай алады. Акцияға қатысқан кітаптар   келесі оқырманның кезегі жазылған  «Ілулі кітап »    белгі-жапсырма белгіленеді. Кітапханаға келіп түскен кітаптар туралы  хабарлама үшін WhatsApp жүйесі қолданылды.Акция үш айға созылды, акцияға қатысуға тілек білдірушілер саны   аз болған жоқ, оның қорытындысы бойынша белсенді қатысушыларға аты жазылған ұсынымдық кітаптардың тізбесі жасалды. Белсенді қатысушылардың арасында :  Ж.Муканова   Н.Спаркстың  кітабымен , Взгляни на меня; Кострова Е.   Р.Стайн «Опасные игры» кітаптар сериялары; А.Есекеева  Сэйки М. Одаренные кітабымен ; Магаляс Т.А.  Д.Стилл Обещание кітабымен болды. Акцияға 30-дан  астам оқырмандар қатысты,олардың ішінде жастар,орта жастағы оқырмандар,зейнеткерлер болды.Акцияға танымал авторлар  Ю.Шилов, Н.Келiмбетов, Б. Момышұлы, Ш.Байдилдиннің  кітабы  Кейкі батыр, Р.Стайн, Д.Стилл және басқалары қатысты.Осындай іс-шаралар түрлі талғамы бар, әртүрлі оқырмандардың ұрпақтарын біріктіруге ықпал етеді.