19.06.2019

18 маусымда Әулиекөл аудандық кітапханасында «Нұрсұлтан Назарбаев: жасампаздық дәуірі» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Көрмеде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың   еңбек жолын металлургтан бастап, содан кейін қоғамдық және партиялық белсендіден саяси көшбасшыға, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне, тәуелсіздік жылдары туралы, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктер туралы, Қазақстан Тұңғыш Президентінің рөлі туралы, Ұлт көшбасшысы қазіргі заманғы тарихтағы жолдарын бейнелеген 42 дереккөздер ұсынылған. Көрме үш бөлімнен тұрады: «Елбасы тағдыры - Ел тағдыры»  бөлімі Елбасынынң өмірбаянын туралы бейнелейтін кітаптардан құралды, «Болашаққа бағдар» екінші бөлімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Мемлекет тарихы үшін маңызы бар мәселелер бойынша сөйлеген сөздері, Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауы,  Қазақстанның барлық даму жолын белгілеу барысында сөйлеген сөздері бойынша құрастырылды, «Тұңғыш Президенттің қызмет хроникасы» атты келесі бөлімінде ҚР Тұңғыш Президентінің  қызмет хроникасы жайлы әдебиеттерді ұсынды. Көрменің мақсаты - Елбасымыздың егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін көрсету.