21 маусымда Әулиекөл аудандық кітапханасында  Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевқа арналған «Президентімнің жетістіктері» фотогалереясы ұйымдастырылды. Фотогалерея Елбасының балалық және жасөспірім кезіндегі фотографияларынан бастап,одан әрі хронологиялық тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін қалыптастырудағы  мемлекет басшысының кең ауқымды тарихи ролі, оның болашақтағы басты саясаты Қазақстанды алға қойып, халықаралық аренада мойындалғаны туралы  көрсетілді. Мақсаты: өскелең ұрпақты ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызмет жолымен таныстыру, тұңғыш Президенттің жеке және мемлекеттік жетістіктерін үлгі ете отырып,қазақстандық елжандылық сезімге  баулу.