2019 жылдың 25 қазанында Әулиекөл аудандық кітапханасында «Заманауи кітапханалардағы ақпараттық-библиографиялық жұмыс» атты семинар-тренинг өтті. Семинарды «Әулиекөл аудандық ОКЖ» ММ директоры С. Ж. Серкебаева ашты. Өз сөзінде ол семинар бағдарламасымен таныстырып, алдағы жылға арналған жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті.

«Заманауи кітапханалардағы ақпараттық-библиографиялық жұмыс» тақырыбы бойынша ОК аға библиографы А. А. Әбдіғалиева презентацияны ұсынды. Библиография – ақпараттық қызметтің ерекше саласы, оның мәні ақпараттық басқару болып табылады; библиографиялық ақпаратты дайындауды, таратуды және пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық құрылым. Библиографиялық анықтама түрлеріне және оларды есепке алу ерекшеліктеріне тоқталды. Кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппараты арқылы қажетті ақпаратты қалай табуға болатынын айтты. Кітапхана сипаттамасында қолданылатын шартты белгілерге нақты тоқталды. Библиографиялық құралдардың негізгі түрлері бойынша үш негізгі түрге тоқталды. Бұл – библиографиялық көрсеткіш, библиографикалық тізім және библиографиялық шолу.

Семинарды Аманқарағай КАК аға кітапханашысы Ж. С. Нұғыманова жалғастырды. Ол жергілікті авторлардың библиографиялық көрсеткіштерін айтып, көрсетті.

«Аманқарағай БК-дағы ақпараттық-библиографиялық жұмыс» тақырыбында Аманқарағай БК кітапханашысы Г. К. Карбаева «А. С. Пушкиннің ертегілері бойынша саяхат» атты көркем көрсеткіш көрсетті. Тәжірибе алмасу бойынша кітапханалық сабақ туралы әңгімеледі, «Рухани Жаңғыру: Болашаққа бағдар» дидактикалық папкасын көрсетті.

ОК жинақтау жөніндегі аға кітапханашы А. Б. Сақауова жоспарлар мен есептерді талдап, бөлім бойынша барлық ұсыныстарды айтты, тозған және ескірген әдебиеттерді есептен шығару бойынша толық түсініктемелер мен ұсыныстар берді. Дидактикалық материал таратылды.

ОК ӘББ жетекшісі Ж. М. Досалина әріптестерін ОКЖ 2020 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. 2020 жылға арналған жылдық жоспар және 2019 жылға арналған жылдық есеп бойынша кеңес берді.

Барлық баяндамашылар жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, шығармашылық табыс тіледі.

Семинарды қорытындылай келе, кітапхана үлкен интеллектуалдық және рухани байлыққа ие бола отырып, адам қай жерде өмір сүрсе де, бүкіл адамзатпен байланыстырады, кітап арқылы білім, ақпарат әлеміне терезе ашады, рухани даму, білім беру және өз бетімен білім алуға мүмкіндік береді. Семинар өте мазмұнды, қызықты және танымды болды.

 

 

.