Аманқарағай ауылдық кітапханасында Тәуелсіздік күніне арналған бірқатар іс-шаралар өтті.

28.11. Тәуелсіздік күні қарсаңында кітапханашылар №2 орта мектептің мұғалімі Жүнісов Серікбай Бектенбергенұлы және балалар өнер мектебінің мұғалімдері Е.В. Бобренко және Н.В.Прошкинамен бірлесе отырып   «Қазақстан - біздің мақтанышымыз!» іс-шара өткізді.

Іс-шараға қонақ ретінде Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тоқаева Жібек Кәкімжанқызы, Әулиекөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мырзағалиева Ляззат Сақтағанқызы, пошта қызметкерлері, мұғалімдер және оқырмандар қатысты. Кітапханашылар қонақтарды қазақтың әсем әуендерімен, күйлерімен  қарсы алды.

 Іс-шараның басында қонақтар бірден «Қазақстан» және «Тәуелсіздік» атты екі командаға бөлінді. Іс-шара екі тілде құттықтаумен ашылды.

Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды.

Іс-шара екі бөлімнен тұрды:

  1. Үй тапсырмасы
  2. Интеллектуалды марафон.

 

1 турға қатысушылар  ұлттық киімдерін киіп, ұлттық тағамдар дайындады,  барлық халықты бір шаңырақ астында біріктіретін «Дастархан» әні Э.Бобренко мен Г.К. Карбаеваның орындауында шырқалды.

Екінші турда Серікбай Бектенбергенұлы викторина, кроссвордтарды мемлекеттік тілде жүргізді.

Кітапханашылар «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің хроникасы » атты квест өткізді.

Т.Г.Алексеева  «Менің Қазақстаным» өлеңін оқып берді.

Ойындар, музыка мен нөмірлер керемет көңіл-күй тудырып, зор қошеметке ие болса,  түрлі ұлттардың тағамдары өздерінің талғамдары мен мерекелік көріністерімен таң қалдырды.

Іс-шара соңында қатысушыларға грамоталар  мен сыйлықтар табысталды. Іс-шараға  «Қазақстан - Тәуелсіз ел» тұсаукесері  және «Тәуелсіздік  хроникасы» көрмесі ұйымдастырылды. Қатысқандар 24 адам.