5 ақпанда Аманқарағай ауылдық кітапханасында-коворкинг түріктің  ұлы ғалымы, философ, риторика, музыкант, дәрігер, математик және астроном Әбу Насыр Мұхаммед ибн - Мухаммед ибн - Тархан ибн - Узлак Әл Фарабидің өмірі мен саналы мұрасына арналған «Ғасырлар даналығы» фильмі көрсетілді.  

Мақсаты: білімді насихаттау, ғылыми және философиялық қызметке деген  қызығушылықтыдамыту.Фильмнің қойылымы  алдында  қонақтарға автормен белгіленбеген   Әл-Фарабидің уәзірдің қызы Бануға деген  өмір бойы сүйіспеншілігі жайлы баяндалды. Фильм біздің оқырмандарға ұлы философтың  ғылыми және шығармашылығы жайлы өмірбаянын көрсете білді. Фильмнен соң кітапханашы «Философ өмірі» атты қысқа викторина өткізді.  Іс- шараға «Данышпандар өлмейді» атты көрме дайындалды. Шындығында  олар мәңгі өмір сүреді. Олардың ақыл- парасаттары бізге әрдайым алға жетелейді. Бізге осындай мұра қалмаса,біз ешқандай мақсаттарға жете алмас едік.  Бір сөзбен айтар болсақ, адамның алға қойған мақсат-мұратына жету үшін өзінің жеке және адами  тарихы арқылы  терең танымдылық пен толық іздену мен зерделеуді қабылдауды қажет етеді.