Іс-шараның мақсаты: Қазақстан жазушыларының өмірі мен шығармашылығымен танысу.

Балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру және Қазақстанның ақын-жазушылары туралы білімдерін кеңейту. Қазақстандық патриотизмге, өнер сөзін сүюге тәрбиелеу. Қазақстан әдебиетіне келгенде Абай Құнанбаев, Сәбит Досанов, Дулатов Міржақып, Ілияс Омаров ойға оралады. Первомай ауылдық кітапханасының кітапханашысы мен  мектеп кітапханашысы О.А.Безденежная  бірлесе отырып, оқушыларды ақын-жазушылардың шығармаларымен  таныстырды. Балалар өздеріне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарады, өлеңді мәнерлеп  оқыды, кітапханада жазушылардың шығармашылығы бойынша  өмірбаяндары  таңдалды. Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған көрініс қойылды. Кеш-портретке дайындалу барысында оқушылар өздеріне мектеп бағдарламасы бойынша пайдаланатын ақпараттар және  өздеріне қажетті көптеген мәліметтер алды.Іс-шараға 7 -11 сынып оқушылары ат салысты. Барлық қатысушылар саны  35 адам.