«Ұлы соғыстың сарбазы» бейнеролигі бойынша ақпарат

/С.Баймағамбетовтың 100 жылдығына

«Шежіреге толы туған өлке» жобасы аясында/

 

Соғыс. Қорқынышты, ауыр сөз.  Ешкім ол соғысты  4 жыл, 1418 күн, 33 мың сағат бойы  көріп, естиміз деп  ойламаған еді әрине. Неміс фашизмі енгізген бұл соғыс адамзаттың басынан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең қиыны болды. Біздің аталарымыз бен әжелеріміз, ұлы аталарымыз  бен ұлы әжелеріміз өздерінің жанқиярлық ерліктерінің арқасында бізге бейбіт өмір силағандарына  көптеген жылдар өтті. Жерлестерімізді мәңгілік есте сақтау - біздің парызымыз, абыройымыз, ар-ожданымыз. Біз Отан үшін ерлік жасаған адамдарды еске алып, құрметтеуіміз керек. Бұл біздің тарихымыз.

Тарихты сақтау және Қазақстанның тарихи өткені мен бүгінін аялау  мақсатында   Әулиекөл аудандық кітапханасы «Шежіреге толы туған өлке» жобасы аясында  Кеңес Одағының Батыры,біздің  жерлесіміз С.Баймағамбетовтың 100 жылдығына арналған іс-шара өткізді. Кітапхана оқырмандарының назарына бейнефильм ұсынды, оған қатысушылар   С.Баймағамбетовтың өмірбаянымен, ол қатысқан ұрыстармен, оның ерлік істерімен  танысты.   Оқырмандар бұл  фильмнен тек  батырдың есімімен Әулиекөл мектеп-гимназиясы  ғана емес, сонымен бірге Ресейде Киров мектебі - С.Баймағамбетов атындағы   гимназияда батырдың   есімімен аталатындығы туралы білді. Іс-шара жүргізушілері  біздің басты міндетіміз - халқымыздың ерлік істерін еске шығармау, сол кездегі оқиғаларды өзіміздің және болашақ ұрпақтың жарқын болашағы мен бостандығы үшін өмірлерін қиған жандарды ұмытуға тиісті емеспіз деген сөздермен аяқтады.