XXI ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана. Н. Назарбаев

«Парасат жолы» - «Дорога добропорядочности»

14 сәуірде Әулиекөл аудандық кітапханасына жұмыс сапарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) өкілдері - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Ж. Ж. Жылқышиева, «Парасат жолы» республикалық жобасының жетекшісі Т. Сәдібек,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшылығы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), сондай-ақ Әулиекөл ауданының әкімі Е. О. Теменов, Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Б. Көбеков,  «Nur Otan» партиясы Әулиекөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары   Ж. Қ. Алтынсарин келді.

Сапардың мақсаты осы жылдың 12 наурызында ашылған «Парасат жолы» - «Дорога добропорядочности»  орталығына келу болды.

Орталықтың құрамына мемлекеттік құрылым өкілдері, сонымен қатар аудандық кітапхананың белсенді оқырмандары – жазушылар, педагогтар, зейнеткерлер және аудан жастары кіреді. Орталықтың жұмысы жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. «Парасат жолы» орталығының негізгі міндеті - кітапхана мен азаматтық қоғамның педагогикалық және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, аудан жұртшылығымен және жастармен ынтымақтастықта болуы.

Қазіргі уақытта кітапханалар мен кітапсыз  адамның дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлем бойынша  кітапханалар - бұл білім және мәдениет орталығы, жаңа идеялар орны.  Республикалық жоба жетекшісі Түгел Сәдібек «Парасат жолы» кітапханалардан бастау алуы  өте маңызды, өйткені барлық білім мен даналық кітаптарда екендігін атап өтті. Ол кітапхана қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға  бағытталған  адалдық, парасаттылық, әділдік, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтары жүйесін ілгерілетуге ықпал ететін  қызықты іс-шаралар, кездесулер  өткізулеріне    тілектестігін білдірді.