![]() |
Адырбекұлы, К. Академик Өмірбек Жолдасбеков [Мәтін] : (Өмірі. Қызметі. Тағдыры) / К. Адырбекұлы ; [алғы сөз Ж. Күлекеев] - Алматы : Тарпанбаева А. Ш., 2025. - 303 б. Академик Ө. Жолдасбековтың 1971 жылы қолға алған университет қалашығын салудағы жанкешті еңбегі, 1986-1989 жылдар аралығындағы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Г. Колбин мен ОК-тің өзге де хатшыларымен әлеуметтік әділдік үшін саяси күресі, сын сағаттардағы қайтпас қайсарлығы баяндалған. |
![]() |
Ауыл нақыштары [Бейне материал] : фотоальбом / [фото авторлары : Қ. Әбілов [т. б.] ; құраст. Қ. Сейітжанов ; «Ауыл» партиясы] - Астана : Фолиант, 2025. - 159 б.: фотосурет. Фотожинақта ұлан-байтақ қазақ даласындағы дәстүрлі ауылдың бейнесі, халқымыздың салт-санасы, қолөнері, ауылдағы қарапайым еңбек адамының келбеті, астық алқаптары мен қырдағы қызу еңбек майданы, сондай-ақ бақытты балалық шақтың сәтті сюжеттері көрініс тапқан.
|
![]() |
«Әл-Фараби және қазіргі қоғамдағы интеллектуалды мәдениетті жаңғырту мәселелері»=»Аль-Фараби и вопросы модернизации интеллектуальной культуры современного общества» : сб. материалов международной научно-практической конференции (форума) [Мәтін] : халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның (форумының) материалдар жинағы. - Алматы : ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2020. - 280 б. Шығыстың ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған ғылыми форумның материалдар жинағына шетелдік және еліміздің көрнекті ғалымдарының баяндамаларының мәтіндері енді. |
![]() |
Қожахметов, Б. Қасиетті Ұлытау: терісаққан төскейі=Священный Улытау: склоны Терисаккана = SACRED ULYTAU: THE SLOPES OF TERISAKKAN [Мәтін] / Б. Қожахметов. - Алматы : Асыл Сөз, 2018. - 304 б. Ұлытау - елдің байлығы, һәм кіндігі. Тұнып тұрған тарих. Ұлытау - ұлы даладағы сиқырға толы көненің шерткен әуезді сазы іспетті. |
![]() |
«Этика - қазақ философиясының өзегі»=»Этика как ядро казахской философии»: сб. материалов круглого стола [Мәтін] : дөңгелек үстелдің материалдар жинағы. - Алматы : ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2020. - 220 б. «Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруындағы қазақ философиясының рөлі мен маңызы» ғылыми жобасы ауқымында өткізілген дөңгелек үстелдің негізгі материалдары ұлт болмысындағы этикалық құндылықтардың маңызын айқындауға арналған. |
![]() |
Астана Опера. Театрының өнер жолы=Астана Опера. Творческий путь театра=Astana Opera. Creative journey of the theatre [Мәтін] : жинақ : альбом / ҚР Мәдениет және ақпарат м-гі, Мемлекеттік опера және балет театры ; [құраст.: Г. А. Ахмедьяров, Т. Н. Альпиев ; фото: М. Мукатаев [т. б.] ; ауд.: Ә. Аусатов, В. Рослов] - Алматы : Тау Кайнар, 2025. - 366 б. «Астана Опера» - Еуразия кеңістігіндегі ірі театрлардың бірі. 2013 жылы ашылған сәттен бері Театр қарқынды дамып келеді, репертуары сан ғасырлық дәстүр мен жаңашылдықты ұтымды ұштастыра отырып, классикалық әрі ұлттық қойылымдармен толығуда. |
![]() |
Нығызбаев, А. Ақселеу әндері [Мәтін] / А. Нығызбаев ; құраст. А. Жақсылықұлы. - Алматы : Sardar G, 2025. - 72 б. Бұл жинақта А. С. Сейдімбектің шығарған әндерінің топтамасы тұңғыш рет көпшілікке ұсынылып отыр. Әндердің ноталары кәсіби музыкалық оқу орындарының талабына сай жазылды. |
|
Қожабаев, Е. Ж. Қазақ оюлары=Казахский орнамент=Kazakh ornaments [Мәтін]: тәңіршілдік мәдениеттің пиктограммалары және олардың модульдерін заманауи дизайн бойынша үйлестіру тәсілдері : альбомальбом / Е. Ж. Қожабаев ; [ауд.: А. Лепесова, О. Исмайлова ; ред.: А. Кунанбаева, К. В. Ли ; суретші-дизайнер Е. Қожабаев] - Алматы : Мектеп, 2025. - 339, [4] б. Бұл альбомда тұскиіз, кілем, алаша, сырмақ, кебеже және де басқа оюлап жасалған сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, сондай-ақ олардың көне фотосуреттерінің негізінде жинақталып, өңделген әрі алғаш рет электрондық-векторлық форматқа түсірілген қазақ ою-өрнектерінің нұсқалары ұсынылып отыр. |

















