Жүкеш, Қ. Тіл, ой, мәдениет категориялары: индустриялы қоғамда әрекеттесуі [Мәтін] / Қ. Жүкеш. - Алматы : Баспа сервис, 2025. - 359 б.

Кітапта қазақ тілін индустриялы қоғамның нормаланған әдеби тілі ретінде дамытудың ғылыми жолдары қарастырылады. Тіл, ой, мәдениет арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ашу арқылы қазақ руханиятының қазіргі күйіне сипаттама беріледі.

Сыздық, Р. Ғылыми таным үзіктері [Мәтін] : (мақалалар жинағы). 1-кітап / Р. Сыздық ; [құраст.: Ә. Әбсаттар [т. б.] ; жауапты ред. О. Жұбай] - Алматы : Сардар, 2025. - 429, [2] б.

Бұл кітапқа академик Р. Сыздықтың әр жылдары газет, журнал беттерінде жарық көрген мақалалары, конференциядағы баяндамалары, сұхбаттары топтастырылып беріліп отыр.

Тайшыбай, З. Абайтанудың кейбір мәселелері [Мәтін] / З. Тайшыбай. - Алматы : Sardar G, 2025. - 224 б.
Бұл зерттеуді қолға алғанда қазақтың ұлы ақыны Абайдың көзі тірісінде баспасөз бетінде айтылған пікірлерді, ақынның өмірбаяны, туған, өскен ортасы жөніндегі деректерді саралау көзделді. 

 

Мұхаметқалиқызы, А. «Абай жолы» кейіпкерлері және Абай [Мәтін] / А. Мұхаметқалиқызы. - Астана : Фолиант, 2025. - 207 б.

Бұл жинақ М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының кейіпкерлерін зерттеу, көркем образдар мен тарихи тұлғалардың байланысын анықтау, көркем фильмдер мен сахналық қойылымдар үшін өте қолайлы жүйелі әдістемелік тәсіл қолдануға бағыт береді.

Әбдірайым, Т. Ғанибет [Мәтін] / Т. Әбдірайым. - Алматы : Балалар әдебиеті, 2025. - 291 б.

Бұл кітапқа халқымызға кеңінен танымал әдебиет, мәдениет, өнер қайраткерлері хақында соңғы жылдары баспасөз бетінде жарық көрген эсселері, әдеби зерттеулері мен ғылыми-танымдық мақалалары, сұхбаттары және шығармашылық портреттері енген.

Қорғанбеков, Б. Қазақ әлеміндегі Қожа Ахмет Ясауи [Мәтін] : монография, зерттеулер / Б. Қорғанбеков. - Алматы : Дәуір, 2025. - 367 б.

Кітаптың алғашқы бөлімінде Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» шығармасы мен қазақ фольклорының арасындағы мазмұндық және пішіндік, көркемдік дәстүр тұрғысындағы байланыс пен сабақтастық пайымдалады. Екінші бөлімді автордың Ясауи ілімі мен мұрасының қазақ руханиятынан алатын орнын, маңызын және оның дәстүрлі жалғастығын зерделеген зерттеулері құрайды.

Мәмет, С. Қазақтың қақысы [Мәтін] : эсселер, сыр-сұхбаттар, мақалалар, ой-толғамдар / С. Мәмет. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2025. - 495 б.

Бұл жинаққа қасиетті жеріміз, атажұрт еліміз, Абай ұрпақтары, ұлт арыстары, қаламгерлер, ғалымдар, тағы басқалар туралы эсселер, сұхбаттар, мақалалар енген. Кітаптың аты айтып тұрғандай, мұнда азат елдің тірегі саналатын қазақ халқының қақысы да сөз болады.

Қару мен Қалам [Мәтін] : Майдангер қаламгерлер хақында / [құраст.-авт. Ж. О. Доспанов] - Алматы : SUNSHINE plus, 2025. - 223 б.: фотосурет.

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл.

Бұл аз уақыт емес, кезінде ортақ Отанымыз уақытымен түгендей алмағанда - мойынымыз бен ниет, көңілімізді енді ғана бұрып, қолымыз біртіндеп жетіп жатыр.

Бәкір, Қ. Өмір-иірім [Мәтін] : Сәті түскен сұхбаттар / Қ. Бәкір. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2025. - 395, [2] б.

Сөз жауапкершілігін ұстанған журналистің бұл кітабында мерзімді баспасөз беттерінде әр кезеңдерде жарияланған қоғамға, елге танымал көрнекті тұлғаларымызбен жүргізген сыр-сұхбаттары зерделенеді.

Қазымұратұлы, Ж. Сөз сарасы [Мәтін] / Ж. Қазымұратұлы. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2025. - 285 б.

Бұл кітапқа қаламгердің әр жылдары жазылған, түрлі мерзімді басылымдарда жарияланған, әдебиет пен өнерге қатысты мақалалары, жолсапар естеліктер, автопортреттер, әдеби ой толғамдар, рецензиялар мен сұқбаттар топтастырылып отыр.