Алтай, А. Былғары табыт [Мәтін] : повесть және романдар / А. Алтай ; [алғы сөз: Т. Әбдірайым [т. б.] ; жинақты құраст. - Ә. Нұрмахан] - Алматы : Арда+7, 2025. - 479 б.

Жазушының бұл жинағына студент шағында жазған тұңғыш повесі «Қызыл бөлтірік» пен қырықтың қырқасынан асқанда туындатқан романы «Туажат», елуді еңсергенде әдібтеген «Былғары табыт» романы енгізілді.

Ахметұлы Д. (Дәнеш Ахмет Қашағанұлы) Қоян жылы [Мәтін] : ертегілер / Ахметұлы Д. (Дәнеш Ахмет Қашағанұлы) - Алматы : Баспа сервис, 2025. - 591 б.

Жеті бөлімнен тұратын бұл жинаққа кірген ертегілердің тақырыбы алуан түрлі. Олар өзіндік бай мазмұнымен, кестелі тілімен ерекшеленеді. Ертегіге тән қызықты оқиға, әдемі ырғақ оқушысын неше алуан ой әуенімен әлдилейді.

Башар, Ж. Біздің ауылдың ақ бұлттары [Мәтін] : хикаяттар мен әңгімелер / Ж. Башар. - Алматы : Тоғанай Т, 2025. - 144 б.

Бұл кітапта автордың соңғы жылдарда жазған хикаяттары мен әңгімелері енген. Кітапта адам өмірі, қоғамдағы құндылықтар, қарапайым адамдардың басынан өткерген шәркес дүние, адам мінезінің қым-қиғаш қайшылықтары шынайы суреттелген.

Баязид, Ж. Ақиқаттың ақ шыңы [Мәтін] : ой толғамдар, өлеңдер, толғау-жыр, дастандар / Ж. Баязид. - Қостанай : [Қостанай баспа үйі], 2008. - 580 б.

Автордың Мекка мен Мәдинаға барған үш мәрте қажылық сапары әсерімен ислам рухын жырмен өріп, адамның Алла алдындағы адалдығы, дін, мұсылман, парыз жайлы толғамды ойлары жырға айналған.

Дулатұлы, М. Қазақтың тарихы [Мәтін] : Таңдамалы шығармалар жинағы / М. Дулатұлы; құраст. : Д. Ихсан, Е. Тоқтарбай. - Алматы : АТА Greative Hub баспасы, 2025. - 248 б.

Оқырман назарына ұсынылған қайраткер-қаламгердің шығармалар жинағына бұған дейін жарық көрген жинақтарына енбеген өлеңдері мен мақалалары еніп отыр. Сонымен қатар, Алаш арысына және оның әдеби мұрасына, ғылыми-зерттеу еңбектеріне қатысты деректер де жинақталды.

Әлжантегі, Т. Ажал айтып келмейді [Мәтін] : (әңгімелер мен шағын роман) / Т. Әлжантегі. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2025. - 191 б.

Қолдарына тиіп отырған әңгімелер жинағына көрнекті жазушының соңғы жылдары жазылған шығармалары топтастырылды. Оқиғалары шынайы, тілі жатық, көпшіліктің көңілінен шығары даусыз.

Әлім, Қ. Міржақып Дулатұлы [Мәтін] : ғұмырнама / Қ. Әлім. - Астана : Фолиант, 2025. - 496 б.

Автордың «Нартұлға» сериясымен жарық көрген бұл кітабында М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылық кезеңі, сондай-ақ тәуелсіздік жолындағы табанды күресінің жарқын тұстары танымдық әрі көркемдік жоғары деңгейде сипатталады.

Әлпейісова, К. Өмір бояулары [Мәтін] : әңгімелер жинағы / К. Әлпейісова. - Алматы : Баспа сервис, 2025. - 256 б.

Кітапқа жазушының соңғы жылдары жазылып, әдеби порталдар мен әлеуметтік желілер оқырмандарының ықыласына бөленген әңгімелері енгізіліп отыр.

Жекейұлы, З. Тұлпар тағдыр [Мәтін] : әңгімелер жинағы / З. Жекейұлы. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2025. - 206 б.

Жазушының жинағындағы әңгімелер негізінен туған топырақты, тілді сүюге, адами қасиеттерді қастерлеуге үндейді. Бұл қасиеттер нақты оқиғалар желісінен көрініс табады.

Кизи, К. Көкектің ұясы [Мәтін] : роман / К. Кизи ; ағылшын тілінен ауд. Л. Қоңыс. - Астана : Фолиант, 2025. - 316 б.

Жазушының жүрегінен шыққан және бүгінгі дейін мәнін жоғалтпаған әсерлі роман. Кітаптың басты кейіпкерлері алғашқы парақтан-ақ өздерінің әлеміне жетелей жөнеледі. Біресе олармен бірге қуанасыз, біресе олармен бірге уайымдайсыз.

Көшенов, Ғ. Күзгі әуен [Мәтін] : өлеңдер, эсселер, естеліктер / Ғ. Көшенов. - Алматы : Баспа сервис, 2025. - 316, [3] б.

Осы жинақтың алғашқы бөлімдеріндегі жыр жолдарына назар аударған оқырманыма алдын ала айтайын дегенім - мұндағы туындылар, негізінен, бозбала шақтың қойын дәптерлерінен алынған, яғни қағаз бетіне түскеніне әрісі - елу, берісі - отыз шақты жыл болған дүниелер.

Көшенов, Ғ. Күзгі әуен [Мәтін] : өлеңдер, эсселер, естеліктер / Ғ. Көшенов. - Алматы : Баспа сервис, 2025. - 316, [3] б.

Осы жинақтың алғашқы бөлімдеріндегі жыр жолдарына назар аударған оқырманыма алдын ала айтайын дегенім - мұндағы туындылар, негізінен, бозбала шақтың қойын дәптерлерінен алынған, яғни қағаз бетіне түскеніне әрісі - елу, берісі - отыз шақты жыл болған дүниелер.

Молдағалиев, Ж. Тыңдағылар [Мәтін] : Повесть / Ж. Молдағалиев. - Алматы : Жазушы, 2005. - 224 б.

Жазушы бұл кітапта оқиғаларға өзі тікелей араласады. Тың көтеруші ерлердің қоғамдық, семьялық тірлігін, күйініш-сүйінішін шыншылдықпен нанымды суреттейді.

Мүбарак, К. Меңді жүрек [Мәтін] : (әңгімелер жинағы) / К. Мүбарак. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2025. - 191 б.

Жинақта миф пен шындық, аңыз бен бүгінгі күн, жер мен аспан, арман мен дерт қатар өріледі. Кейіпкерлердің бірі - арыстанға айналған жас жігіт, бірі - сөйлеуге қабілетті ақ мысық, енді бірі - болашақтың ханзадасы немесе қабірді жарып шыққан жан.

Озғанбай, Ө. Өтті жылдар - отты жырлар [Мәтін] : Ұлы Жеңіске 80 жыл / Ө. Озғанбай , К. Бекмағанбет. - Алматы : Runa, 2025. - 402 б.

Бұл жинақта сол бір қасіретті жылдардың қас-қағым сәттік езу жиғызарлық оқиғалары мен майдан даласының тыныс-тіршілігін, ерекше жайттарды, қазақи болмыс пен ұлтымыздың биік өресін көрсететін шағын әңгіме, аңыз-оқиға, өлең-жырлар және аса сирек кездесетін фотосуреттер топтастырылған.

Өмірбекова, А. Алма бағы [Мәтін] : естелік-эссе / А. Өмірбекова. - Алматы : Тоғанай Т, 2025. - 120 б.

Бұл туынды - тек отбасы шежіресі ғана емес, сонымен қатар ХХ ғасырдың қиын да тағдырлы кезеңдерінде өмір сүрген қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, бірлігін, сағынышын, төзімін суреттейтін тағылымды естелік.

Рақыш, А. Оянған аңыз [Мәтін] : хикаяттар мен әңгімелер / А. Рақыш. - Алматы : Баспа сервис, 2025. - 255 б.

Жинаққа соңғы жылдары жазған туындылары топтастырылып отыр. Кітап екі бөлімнен тұрады: алғашқысы - хикаяттар, кейінгі бөлімі - әңгімелер.

Сағынтай, С. Мыңжылдықтың соңғы күздері [Мәтін] : (хикаяттар мен әңгімелер) / С. Сағынтай. - Алматы : Балалар әдебиеті, 2025. - 126 б.

Кітап атауын арқалаған хикаят алғаш жазушылық жолға талап қылған жас қаламгердің ішкі тебіреністері мен ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы, мыңжылдық ауысар тұстағы ауыл тірлігінің көріністеріне құралған.

Фолкнер, У. Сарторис [Мәтін] : роман / У. Фолкнер ; ауд. М. Әкімжанов. - Алматы : Фолиант, 2025. - 371 б.

Қаламгер бұл романда соғыстың адамзатқа тигізген кесапатын әшкерелеген жоқ. Өйткені оның қаһарманы Баярд Сартористі соғыс өртінің тұтану себептері мүлдем ойландырмайды, миллиондаған замандасының текке қырылып жатқаны толғандырмайды.

Яшүкірқызы, Ө. Су астындағы сұмдық [Мәтін] : (детективті әңгімелер жинағы) / Ө. Яшүкірқызы. - Алматы : Балалар әдебиеті, 2025. - 223 б.

Бұл жинақ қазақ әйелдерінің қылмыстары туралы детективті жанрда жазылған кітап. Әйелдер жасаған қылмыстық істер негізі өмірде нақты болған оқиғалар. Автор мұны көркемдеп, әдеби образдар желісімен шынайы суреттеп ұсынып отыр.