Шаяхмет, А. Шығармалары [Мәтін] 1 т : Өлендер / А. Шаяхмет. - Астана : Фолиант, 2025. - 592 б.

А. Шаяхметтің шығармалар жинағының бірінші томына бұған дейін республика баспаларында жарық көрген жырлары топтастырылған.

Жыр жинағы төрт бөлімнен тұрады. Өмір, табиғат, махаббат туралы жырлардың барлығының да алтын өзегі достарға, туған жер перзенттеріне, адал жарға, келешекке деген сенім.

Шаяхмет, А. Шығармалары [Мәтін] 2 т : Поэмалар, балладалар,толғаулар, өлеңдер / А. Шаяхмет. - Астана : Фолиант, 2025. - 544 б.

А. Шаяхметтің бұл томына поэмалары, балладалары мен толғаулары және өлеңдері топтастырылған.

Поэмалар жанрлық жағынан ерекшеленеді.

Шаяхмет, А. Шығармалары [Мәтін] 3 т : Өлеңдер / А. Шаяхмет. - Астана : Фолиант, 2025. - 544 б.

А. Шаяхметтің үшінші томына қазіргі заман, дәуір тынысы туралы жырлары енді. Келер күннен үміт, ертеңге сенім және көкейдегі арман - жыр жинағының алтын арқауы.

Шаяхмет, А. Шығармалары [Мәтін] 4 т : Өлендер / А. Шаяхмет. - Астана : Фолиант, 2025. - 624 б.

А. Шаяхметтің шығармалар жинағының төртінші томына имандылық туралы жырлары топтастырылған.

Бұл жинақ жыр тілімен жазылған ақын шыны, жүрек жыры, көңіл сыры.

Шаяхмет, А. Шығармалары [Мәтін] 5 т : Өлендер. Аудармалар / А. Шаяхмет. - Астана : Фолиант, 2025. - 536 б.

Бірінші бөлімге ақынның кейінгі жылдары жазған жырлары еніп отыр. Ақын күн мен түндей итжығыс түсіп жатқан заман қайшылығын, адамдар арасындағы қым-қиғаш түсініктер мен философиялық ұғымдардың мағынасын ашуға тырысады. Екінші бөлімде ақынның әлем әдебиетшілерінен аударған аудармалары жинақталған.

Шаяхмет, А.  Шығармалары [Мәтін] 6 т : Жырлар. Оймақтай ойлар. Мақалалар / А. Шаяхмет. - Астана : Фолиант, 2025. - 584 б.

Ақылбек Шаяхметтің алтыншы томына әр жылдары жазылған өлеңдері, оймақтай ойлары және мақалалары енгізілді. Олардың тақырыбы сан алуан. Автор тәуелсіздік жемістері туралы тебірене жырласа, ел ішіндегі келеңсіз көріністерді де тілге тиек етеді, имандылыққа үндейді.

Шаяхмет, А. Шығармалары [Мәтін] 7 т : Балаларға арналған өлеңдер / А. Шаяхмет. - Астана : Фолиант, 2025. - 592 б.

Бұл томға балаларға арналған өлеңдері енген. Өлеңдері мектеп оқулықтарына, «Жыл-он екі ай» жинақтарына енгізілген.

Шаяхмет, А. Шығармалары [Мәтін] 8 т : Драмалар / А. Шаяхмет. - Астана : Фолиант, 2025. - 610 б.

8 томға оның театр сахналарында қойылып жүрген, қазақтың көрнекті тұлғаларына арналған, әртүрлі байқауларда жүлделі орын алған пьесаларымен қатар кейінгі жылдары жазылған драмалық шығармалары, «Ала жіптен аттама» атты сахналық қойылымы енген.

Шаяхмет, А. Шығармалары [Мәтін] 9 т : Әңгімелер, хикаялар мен мақалалар / А. Шаяхмет. - Астана : Фолиант, 2025. - 592 б.

Жазушының бұл томына «Тайбағар» деректі хикаясы, әңгімелері мен мақалалары енген. Көптеген туындыға бұған дейін өмір жолы мен шығармашылығы аз зерттелген ақындар мен билер, шешендер өмірі арқау болған.

Шаяхмет, А. Шығармалары [Мәтін] 10 т : Мақалалар, өлеңдер, әндер / А. Шаяхмет. - Астана : Фолиант, 2025. - 600 б.

Бұл томға оның «Жітіқара» және «Ел қорғаны Меңдеке батыр» деп аталған кітаптарынан ықшамдалып алынған шығармалары, «Есте қалар ел тарихы» деп аталатын шежіресі мен кейінгі жазған жырлары және ән мәтіндері топтастырылды.

Шаяхмет, А. Шығармалары [Текст] 11 т. / А. Шаяхмет. - Астана : Фолиант, 2025. - 600 б.

Писатель плодотворно работает в жанре драматургии. Драматическая поэма «Аксулу», посвященная акыну-импровизатору Аксулу Орысбайқызы вошла в золотой фонд Казахского радио. Поэт на казахский язык перевел стихи Расула Гамзатова, Якуба Коласа, Ивана Драча, поэтов Северного Кавказа.

Шаяхмет, А. Шығармалары [Мәтін] 12 т : Сұхбаттар, лебіздер мен мақалалар, өлеңдер / А. Шаяхмет. - Астана : Фолиант, 2025. - 576 б.

Бұл томға қаламгердің сұхбаттары мен оның шығармашылығы туралы пікірлер және махаббат туралы топтама жырлары жинақталған.

Қаламгер туралы еліміздің үлкенді-кішілі ақын-жазушылары мен қайраткерлер жүрекжарды ойларын айтқан.