Аманшаев, Е. Адасқан ұлынды жазғыра көрме, жаратқан! [Мәтін] : (проза, драматургия) / Е. Аманшаев ; [алғы сөз: Т. Әбдікұлы, А. Ким, Л. Аннинский, Ю. Козлов] - Алматы : Керемет медиа, 2025. - 397, [2] б.

Дарынды автордың бұл жинағына бірқатар шет тілдеріне аударылып, Еуропа елдерінде жарық көрген, халықаралық марапаттауларға ие болған танымал шығармалары енді.

Бейсенбайұлы, Ж. Шоқан. Ерек туған феномен [Мәтін] : тарихи-ғұмырнамалық роман-эссе / Ж. Бейсенбайұлы. - Алматы : Керемет медиа, 2025. - 495 б., [32] б. түрлі түсті суретті жапсырма.

Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай қайтадан өңделіп, толықтырылған бұл ғұмырнамалық роман-эссе кітабында, қазақтың заңғар ғалымының өмірі мен оның заманына қатысты бұрын беймәлім боп келген көптеген тұстарға жаңаша барлау жасалынады, тиянақты байыптаулар түйінделеді.

Дулатұлы, М. Бақытсыз Жамал [Мәтін] : роман / М. Дулатұлы ; [сурет.: М. Алин, Е. Қожабаев] - Алматы : Мектеп, 2025. - 103 б.

Романда сол кезеңдегі әлеуметтік мәселе - қазақ ауылының тұрмысы, әйелдердің бас бостандығы, ескі әдеттің қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры шынайы суреттелген.

Әбдішова, Ж. Қыз арманы [Мәтін] : әңгімелер жинағы / Ж. Әбдішова. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2025. - 238 б.

«Қыз арманы» атты кітабы әңгімелер жинағынан тұрады.

Тақырыбы әр алуан, замандастарымыздың басынан өткен жай-күйлері, тығырықтан шығар жол іздеген сәттері шынайы, шымыр оқиғалармен өріліп, нанымды бейнеленген.

Құрманғалиева, Қ. Тамыры терең тұлға [Мәтін] : Жақсылық Құрманғалиевтің өмірі, қызметі, шығармашылығы / Қ. Құрманғалиева , А. Жеңісбекова. - Астана : Фолиант, 2025. - 376 б.: фото.

Бұл кітап саналы ғұмырын орман шаруашылығына, журналистика мен ғылымға арнаған Жақсылық Серікбайұлы Құрманғалиевтің өмірі мен еңбегінің құрметіне жазылған.

Әбілқайыр, Қ. Сәл нәрсе [Мәтін] : танымдық эсселер жинағы / Қ. Әбілқайыр. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2025. - 197 б.

Бұл жинаққа зерттеу мақалалары, репортаждары, тарихи эсселер, қоғам туралы ой-толғамдары топтастырылып отыр. Кітаптағы публицистикалық материалдар көркем шығарма секілді жеңіл оқылады.

Жиенбай, Қ. Түс көрмейтін кісі [Мәтін] : әңгімелер жинағы / Қ. Жиенбай. - Алматы : Алматы-Болашақ, 2025. - 383 б.

Бұл жинаққа жазушының соңғы жылдары жазылған көркем әңгімелері топтастырылған. Шығармаларының өзегі: жаңа дәуірге бет алған біз өмір сүрген осы қоғамның беталыс бағдары, замандастарымыздың күрделі психологиялық хал-ахуалы, тіршіліктеріндегі күрмеуі көп күрсіністер мен шат-шадыман көңіл күйлері.

Құнанбайұлы, А. Қара сөздер. Поэмалар [Мәтін] / А. Құнанбайұлы; сурет. А. Құлбаева ; [құраст. А. Құлбаев ; алғы сөзі Ж. Нұралиева] - Алматы : Балауса баспасы, 2025. - 147 б.: сурет.

Жинаққа қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын және ағартушысы Абай Құнанбайұлының терең философиялық толғамға толы «Қара сөздері» кірді.

Молдағалиев, Т. Қайран менің жүрегім [Мәтін] : таңдамалы лирикалық жырлар / Т. Молдағалиев ; [алғы сөз Н. Оразалин] - Алматы : Ан Арыс, 2025. - 559 б.: сурет.

Көп қырлы, ойлы, шебер ақынның жырлаған тақырыптары да алуан түрлі. Мұнда ақынның махаббат лирикасын өрнектеудің, адам жанының нәзік иірімдері мен сұлу сезімдерін шынайы қалпында түсірудің шын шебері дәрежесіне жеткізе суреттеген туындылары жинақталды.

Мұсабеков, Е. Сұңқардың көз жасы [Мәтін] : публицистикалық ой-толғамдар, әдеби мақалалар мен сұхбаттар / Е. Мұсабеков. - Алматы : Тарпанбаева А. Ш., 2025. - 319 б.

Жазушының бұл жинағы - қоғам тынысын дөп басқан тамыршының әрекетіндей толымды еңбек. Қоғам құбылыстарындағы жақсыны жарқырата жазып, көлеңкелі тұстарына назар аудартуға деген ұмтылысы қуантады.

Нәжімеденов, Ж. Таңдамалы шығармалары [Мәтін] : поэзия / Ж. Нәжімеденов. - Алматы : Sardar G, 2025. - 400 б.

Аты шартарапқа таралған, ақындық әлемі нұрлы, лирикалық өлеңдердің өршіл жүйрігі Ж. Нәжімеденов қайраткерлігімен де, адамгершілігімен де аңызға айналған абыз аталардың бірі. 90 жыл толуына орай осы үздік туындыны ұсынып отырмыз.

Рахат, Ә. Туған күніңізбен, анашым! [Мәтін] : (пьесалар жинағы) / Ә. Рахат. - Алматы : Тоғанай Т, 2025. - 152 б.

Бұл кітапқа жазышының драмалық шығармалары жинақталған. Автор пьесаларында отбасылық құндылықтардың қандай өзгерістерге ұшырап жатқанын көркем жеткізеді.

Садыр, Б. Е, бәсе [Мәтін] : әзіл-сықақ әңгімелер / Б. Садыр. - Алматы : Ана тілі, 2025. - 471, [7] б.

Бұл кітапқа шағын көлемді әзіл-сықақ әңгімелерінің таңдаулылары топтастырылған. Туындыларында - пенде болмысының қиқар-қиғаш мінездерін әр қырынан көрсете отырып, қоғамдағы кереғарлықтың түр-тамырына ажуа-мысқылмен сілтеме жасайды.

Смағұлтегі, С. (Кеңесбекова). Күз күмбірі [Мәтін] / С. Смағұлтегі. - Алматы : Sardar G, 2025. - 120 б.

Салтанат Смағұлтегінің шынайы шығармашылығы терең тебіреніс пен пәлсапалық пікір үстерлік, қазіргі қазақ мәдениетінің сырлы сұлулығын әспеттейді.

Фицджеральд, Ф. С. Ұлы Гэтсби [Мәтін] : роман / Ф.С. Фицджеральд ; ауд. З. Әбдешев. - Алматы : Фолиант, 2025. - 173 б.

Роман арман қуған жас жігіттің алдына қойған мақсатқа жету жолында қажырлы еңбегімен жеткен жетістіктерін баяндайды. Қол жеткізген жетістігінің бәрін сүйіктісіне арнаған Гэтсби онымен қол ұстасып, бақытты болғысы келеді.