Азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар кітапхананы пайдалануға құқылы.

Кітапхана тегін пайдаланылады.

Жеке жұмыс түрлері мен қосымша қызметтер ақылы болуы мүмкін.

Кітапханаға жазылу үшін азаматтар төлқұжаты мен  тұрғылықты тұратын жері туралы анықтамасын көрсетеді.

Оқырман баспа туындыларын 30 күн мерзіміне дейін алып оқуына болады.

 

Оқырмандар міндетті:

Баспа туындыларын  ұқыпты қарауға, оларды белгіленген мерзімде қайтарып беруге.

Қордың орналасуын бұзбауға.

Қорға зиян келтірген адамдар материалдық , қылмыстық немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Кітапхана қорының туындыларын жоғалтқан және оларға орны толмас шығын келтірген азаматтар, оларды сондай басылымдармен немесе кітап бағасына сәйкес кітаптармен қайтаруға тиіс. Егер айырбас ретінде қайтаруға мүмкіншілігі болмаса, кітаптың бағасынан он есе мөлшерінде ақысын төлеуге тиісті.

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет Министрлігінің

кітапхана жуйесін пайдалану Ережесі

 /1993 жылдың 29 сәуірінде бекітілген/