Оқылып болған кітаптардың үй сөресінде көңілсіз ескіріп,ескерусіз қалатыны жиі кездесетіні шындық. Оларды кітапхана сыйға тартып, өмірлерін ұзартуға болады. Біздің оқырмандарымыздың ішінде осыны түсінетін адамдардың бар екендігі қуантады. Солардың риясыздығының арқасында біздің кітапхана қоры түрлі және қажетті әдебиеттермен үнемі толықтырылып отырады. Яғни, кітаптар жаңа оқырмандармен табысады. Әулиекөл ауданық кітапханасы Тұрғымбаев Мұратнұр Қабидоллаұлына шексіз алғыс білдіреді. Ол жеке үй кітапханасынан 80-дей баспаны аудандық кітапханаға сыйға тартты. Негізінен, орыс классикасы және шетел әдебиеттері, кеңес авторларынынң кітаптары, детективтер, фантастикалық шығармалар. Қабылданған кітаптардың ішінен ерекше назар аударатын біздің қазақстандық авторлардың шығармалары, бұл кітаптар мектеп оқушылары және студенттерге оқу бағдарламасына көмек ретінде қажет болады.