 |
Әбдуов, М. Шешеннің сөзі ортақ [Мәтін] : жинақ / М. Әбдуов. -- Алматы : Тоғанай Т, 2024. -- 317, [2] б. : сурет. Жинаққа Орталық Қазақстан өңірінде өмір сүрген би-шешендердің әдеби мұрасы енгізіліп отыр. Олардың есімдері мен шешендік сөздерінің бір бөлігі оқырманға мәлім болғанымен, көпшілік туындылары жарыққа шықпаған тың мұралар.
|
 |
Есім, Ғ. Әйгілі есімдер [Мәтін] : эсселер кітабы / Ғ. Есім. -- Алматы : Sardar G, 2024. -- 435, [3] б. Кітапта есімдері әйгілі тарихи тұлғалар, қаламгерлер, қоғам қайраткерлері сөз болған. Автор тұлғалардың басты-басты ойларын нысанаға алып, оларды заман сынынан өткізуді мақсат еткен.
|
 |
Ысқақұлы, Д. Сөз -- әлем әміршісі немесе рухани күш-қуаттың қайнар көзі [Мәтін] / Д. Ысқақұлы. -- Алматы : Sardar G, 2024. -- 286, [1] б. Кітапта Адам Ата жаралғалы бері адамзат қоғамын толғандырып келе жатқан «Адам не үшін өмір сүреді; өмірдегі мақсат не; қайткенде бақытты болады?» деген секілді сауалдар төңірегінде ой өрбітіп, оған қоғам дамуының, білім-ғылымның бүгінгі күн биігі тұрғысынан жауаптар іздейді.
|
 |
Әлімжанов, Б. Өмір сырлары [Мәтін] : танымдық әдебиет / Б. Әлімжанов. -- Алматы : Тоғанай Т, 2024. -- 332, [4] б. Адам өмірдің сан қырлы, алуан сырлы, мың бұралаң жолын қалай жүріп өтеді? Кімге сеніп, неден күш алады? Имандылық, адамгершілік пен пендешілік кемшіліктердің күресі туралы ой-толғамдары қызықты, тартымды.
|
 |
Смайыл, А. Ұлт. Азамат. Намыс [Мәтін] : зерттеу мақалалар / А. Смайыл. -- Алматы : Тоғанай Т, 2024. -- 318, [1] б. Халық пен заман, қоғам мен билік, адам және адамзат арасындағы байланыс туралы ой толғап жүрген қаламгер, осы мәселелерге өркениеттердің тарихи даму процесстері арқылы талдау жасайды.
|
 |
Әбсадық, А. Ұлы Дала аңыздары (XIII--XVIII ғғ.) : Жошы ұлысы және Қазақ хандығы кезеңі [Мәтін] : фольклорлық, тарихи-филологиялық талдау / А. Әбсадық. -- Алматы : Тарпанбаева А. Ш., 2024. -- 295 б. Қазақ аңыздарының хронологиялық тұрғыдағы қайнар бұлақ, кең суат арнасының бірі -- Шыңғыс хан заманы, Жошы ұлысы дәуірі. Тарих керуенің бел-белестерінен асып жеткен фольклорлық мұра мен мирас Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген тұлғалардың, тарихи оқиғалардың мазмұнымен толысты және толықтырылды.
|
 |
Қондыбай, С. Арғықазақ мифологиясы [Мәтін] : 2-бас., толықт. / С. Қондыбай ; құрст. Б. Қондыбай. -- Алматы : Арыс, 2024. -- 1040 б. Бұл іргелі еңбекте ғалым сөздің, яғни қазақ тілінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, байырғы мифтік танымды реконструкциялау жолдарын қарастырады. Сондай-ақ еңбекте мифтану арқылы тарихымыздың бағзы кезеңдерінің хронологиялық ретін, даму қаңқа-жобасын болжамдауға талпыныс жасалады.
|
 |
Байхонов, С. Ғажайып тұнған жер [Мәтін] : танымдық әдебиет / С. Байхонов. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 509, [2] б. Кең байтақ Қазақстанның шығысы мен батысын, оңтүстігі және солтүстік өңірлерін жай шарлап қоймай, суреткерлік көз, талғампаз көңілмен зерделей қарап, халқымыздың өткені мен бүгінін тарихи-танымдық тұрғыда үндестіріп, кестелі көркем тілмен өрнектей білген өзгеше тынысты шығарма кім-кімді де қызықтырып, көкейінен шығары күмәнсіз.
|
 |
Моро, С. Аннапурнадан аққан жұлдыз [Мәтін] / С. Моро ; қазақ тіл. ауд. Т. Данияров ; итальян. тіл. орысшаға ауд. А. Имашева. – Алматы : ЖК «Тарпанбаева А. Ш.», 2024. – 104 б. Бұл кітапта автормен бірге ызғарлы түндер мен дауылды күндерді бастан кешесіз, қар көшкінінің құрсауынан ғажайып жағдайда тірі қалып, бар күш-жігерін қамшылап, лагерге жете алмай келе жатқан кейіпкерге ілесе жалғыздық пен шарасыздықтың күйін кешесіз.
|
 |
Раушанов, Е. Құстар-біздің досымыз [Мәтін] / Е. Раушанов. – Алматы : Жазушы, 2024. – 400 б. : суретті. Жинаққа аққу, ақсұңқар, қарлығаш, ұлар тәрізді отызға тартар қанатты достарымыздың құпия сырларын ақындық шабытпен шалқыта әңгімелеген қызықты да тартымды танымдық хикаялары енді.
|
 |
Зарлы, Қ. Інжу–маржан [Мәтін] : тарихи-танымдық ғылыми зерттеу хабарлары / Қ. Зарлы. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 382, [1] б. Қазақ радиосының тарихи-танымдық «Інжу-маржан» хабары негізінде жазылған кітап. Алпамыс батыр, Саңғыл би, Алатау батыр, Бердіқожа батыр, Баян Қасболатұлы, Райымбек батыр, Әжібай батыр, Мүйізді Өтеген батыр туралы бір хабардан бастап бес-алты хабарға дейін жасап, зерттеуші ғалымдар мен жыршыларды, қоғам, мемлекет қайраткерлерін қатыстыруы мазмұнын байыта түседі.
|
 |
Батырхан, Т. Бозжайнақ болмыс [Мәтін] : эсселер, сұхбаттар мен публицистикалық ой-толғамдар / Т. Батырхан. – Алматы : ЖК «Сакенова», 2024. – 253, [2] б. Бұл жинаққа көзі қарақты көпшілікке кеңінен танымал тұлғалар туралы эсселері, сырлы сұхбаттары, сондай-ақ қоғамдық ой-санаға қозғау салатын публицистикалық толғамдары топтастырылған.
|
 |
Мұқашев, С. Жасынды жылдар [Мәтін] : мақалалар / С. Мұқашев. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 333, [2] б. Бұл кітапқа әр жылдары баспасөз бетінде жарық көрген, әлі күнге өзінің өзектілігін жоймаған публицистикалық мақалалары мен әдеби шығармалары кіріп отыр.
|
 |
Мүсіреп, Ғ. Тоғызыншы территория [Мәтін] : мақалалар, сұхбаттар / Ғ. Мүсіреп. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 316, [3] б. Бұл жинаққа журналистің танымдық, сараптамалық жарияланымдары топтастырылған. Публицистикалық туындылар тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің рухани және саяси қалыптасу кезеңін, ұлттық құндылық ерекшелігін, тарихи тұлғалар болмысын, тарихи тамырлар сабақтастығын қамтиды.
|
 |
Сейітқазы, П. Медиапедагогика: БАҚ, білім және тәрбие [Мәтін] / П. Сейітқазы. – Алматы : Sardar G, 2024. – 260, [3] б. Еңбекте педагогика саласындағы жаңа бағыт – медиабілім мәселелері туралы баяндалады. Медиасауаттылық, медиамәдениет, цифрлық сауаттылық ұғымдары жан-жақты талданады.
|
 |
Бөпежанова, Ә. Мәдениет – әлемнің тірегі [Мәтін] : Ой-толғамдар, сұхбаттар кітабы / Ә. Бөпежанова. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 588, [3] б. Бұл кітапта қоғамымыздың соңғы отыз жылдан аса уақыт аралығындағы рухани тынысы, әдебиет пен өнердегі үдерістер зерделенеді. Сыншы көрнекті әдебиет, өнер, қоғам қайраткерлерімен ұлт руханиятының өзекті мәселелерін мәдени контексте сөз ететін қызғылықты сұхбаттары берілген.
|