Иманғалиев, Б. Нарком Темірбек Жүргенов [Мәтін] / Б. Иманғалиев. – Алматы : Sardar G, 2024. – 294, [1] б.: сурет.
Бұл еңбекте Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы мәдениет пен әдебиет, оқу-ағарту саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сыншы-публицист Темірбек Қараұлы Жүргеновтің жазған әдеби-публицистикалық мұрасы жинақталып, қайраткерлік-қаламгерлік қарымы сараланған.

Бопайұлы, Болат. Қазақ ырым-ғұрыптары [Мәтін] / Б. Бопайұлы. – Астана : Фолиант, 2024. – 64 б. - (Қазақ қазынасы).
Ұлтымыздың ырым-ғұрыптары – көнеден келе жатқан асыл мұра. Оның әрқайсысында терең мән жатыр. Адамды үлкен-кіші деп бөлмей, ішкен асы мен басқан тасына дейін – бәрін бірдей құрметтеп-қастерлеген халқымыздың даналығы осы ырым-ғұрыптарымыздан байқалады.

Жеңіс Туын желбіреткен – Рақымжан Қошқарбаев [Мәтін] : фотоальбом / [құраст. Ә. Көпіш ; басылымға қажетті фотосуреттерді, мұрағаттық деректемелер мен жарияланымдарды жинақтап баспаға ұсынған – Қ. Оспанова ; отбасылық құжаттары мен фотосуреттерін ұсынған – Ә. Қошқарбаева] – Алматы : Өнер, 2024. – 238 б.: сурет. - (Халық перзенті).
Қазақ халқының Қаһарман Перзенті – Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған бұл фотоальбомда біз – еліміздің көне қазыналарын бұрыннан терең зерделеп, жинақтап келе жатқан – республикалық «Өнер» баспасы болып, барынша зор мән беріп – Батырдың жеке Тұлғасы мен Тағдыры арқылы көне бабалар жортқан заманалармен бірге біздің осы – ХІХ, ХХ, ХХІ ғасырларға дейінгі Тарихи Ақиқат жолын бүгінгі оқырман қауымға анықтап жеткізуге тырыстық.

Сағадат Нұрмағамбетов – Халық Каһарманы №1 [Мәтін] : фотоальбом : 100 жылдық мерейтойына арналған / [құраст. А. С. Нурмагамбетова ; ауд. Ә. Аусатов] – Алматы : Алтын кітап, 2024. – 365, [2] б.: сурет.
Қазақстан Республикасының Бірінші қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына арналған.

Айдарбаев, Ж. Ұлан дала [Мәтін] / Ж. Айдарбаев. – Алматы : ЖК Сакенова, 2024. – 286, [1] б.
Бұл еңбек – тарихтың тылсым қойнауында бір жайларда жер бетінен өшіп кетіп, ғайыптан қайта шығып «Мәңгі ел» асқақ арманын көкке ту етіп көтерген сол бір заманның көкжалдары – «ашына» көк түріктері жайлы тұңғыш қалам тербеліп отырған толғаныс.

Киндлер, Р. Сталиндік көшпенділер. Қазақстан билігі және ашаршылық=Stalins nomaden: Herrschaft umd hunger in Kasachstan [Мәтін] / Р. Киндлер ; ауд. Ө. Ахмет. – Астана : Фолиант, 2024. – 432 б.
Бұл кітап нақты тарихи деректерге сүйеніп жазылған, автор Ресейдің, Қазақстанның, Еуропаның архивтерін түгел ақтарып, осы тақырыптағы ғылыми еңбектер мен әдеби көркем шығармаларды да назарынан тыс қалдырмайды.

Қойшыбаев, Б. Тәуелсіздік һәм зиялылар [Мәтін] : тарихи миниатюралар, зерттеулер, мақалалар, сұхбаттар / Б. Қойшыбаев. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 365, [2] б.: фотосурет.
Кітапта өткеніміздің белгілі-бір кезеңдеріндегі мәселелер жайлы уақытында қағаз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жария еткен зерттеулері, тарихи миниатюралары, публицистикалық мақалалары, дөңгелек үстел материалдары, журналистердің сауалдарына берген жауаптары топтастырылған.

Шарапатұлы, Ш. Тынышпаев Мұхамеджан [Мәтін] : Қазақ халқының тарихы / Ш. Шарапатұлы ; [алғысөз Н. О. Дулатбеков, өмірбаяндық мақала: Ә. Тәкенов, Б. Байғалиев] – Қарағанды : TENGRI Ltd, 2024. – 263 б.
Жинаққа қазақ халқының қайраткер ұлы, қазақ тарихының, мәдениетінің, тұрмысының және қазақ рулары шежіресінің ірі білгірі, 1937 жылы репрессияға ұшыраған М. Тынышпаевтың кейбір көсемсөздері, ғылыми еңбектері мен өлкетану зерттеулері кіріп отыр.

Табеев, Қ-М. Ең соңғы майдан [Мәтін] / Қ-М. Табеев. – Қарағанды : TENGRI Ltd, 2024. – 395 б.
Бұл кітапта өр кеуделі қазақтың Желтоқсандағы ұлы күрескерлік рухы суреттелумен қатар, Шаңырақ, Жаңаөзен, Қордай, Алматыдағы Қаңтар оқиғаларының арасындағы көзге көрінбейтін ортақ байланыстар да қамтылады.

Момынқұл, Б. Момышұлы әлемі [Мәтін] / Б. Момынқұл. – Алматы : Sardar G, 2024. – 142, [1] б.
Бұл кітаптан ел арасында батыр жайлы айтылып жүрген аңыздардың ақиқатын, тарих бедерінде жұмбақ күйінде қатталып қалған жайттардың нақты жауабын таба аласыздар.

Сыздықов, С. Қарқаралы ұлы дала тарихында [Мәтін] : ғылыми-танымдық басылым / С. Сыздықов. – Астана : Фолиант, 2024. – 256 б.
«Қарқаралы» атауының қалыптасуы, этимологиясы және аталған өңірді көне дәуірден бері мекен етіп, кейін қазақ халқының қалыптасуына өз үлесін қосқан түркі ру-тайпалары туралы зерттеулерінің нәтижелері баяндалған.