 |
Ғалым Оспанов=Галым Оспанов=Galym Ospanov [Мәтін] : альбом-каталог. – Алматы : Liber, 2024. – 96 б. : ил. Сүйікті жанры – натюрморт. Оның кенептерінде заттар әртүрлі жолмен: факті ретінде, елес ретінде, абстракция ретінде өмір сүреді.
|
 |
Батырханова, С. Арқаның абыз театры [Мәтін] : С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры / С. Батырханова. – Алматы : Тарпанбаева А. Ш., 2024. – 295 б. Бұл кітаптан қазақ атты байтақ даланы мекендеген, сол ұлы даланың өзін сахнаға айналдырған табиғатынан өнерлі халықтың кенжелеп келген театр өнері қалай дамыды, оның бастауында кімдер тұрды деген сауалдарға жауап табасыз.
|
 |
Әбдірахман, Г. Ғазиза Жұбановаға тағзым=Hotage to Gaziza Zhubanova [Мәтін]: ғылыми-деректі портрет / Г. Әбдірахман , Ү. Жұмақова; [ауд.: П. Шегебаев, Л. Бекболатова] – Алматы : Sardar G, 2024. – 220 [2] б. : фотосурет. Қазақтың көрнекті композиторы Ғ. Жұбанованың шығармашылығы туралы кітапта оның өмірінің жалпы көркемдік-эстетикалық ұстанымы мен кезеңдері негізгі оқиғаларымен, шығармашылық жетістіктерімен сипатталған.
|
 |
Айтбаев, Қ. Сал домбыра [Ноталар] / Қ. Айтбаев. – Алматы : Тарпанбаева А. Ш., 2024. – 167 б. Бұл еңбекке зерттеушінің әр кезде жазған ғылыми-танымдық мақалалары енді. Мақалаларда автор дәстүрлі өнердің қыр-сырына бойлап, өзекті мәселелерді қозғайды.
|
 |
Бейсембек, Т. Ерке самал [Ноталар] : Балаларға арналған әндер жинағы / Т. Бейсембек. – Алматы : Тарпанбаева А. Ш., 2024. – 133, [2] б. Бұл жинаққа Т. Бейсембектің балаларға арналған әндері және оның «Самұрық келген таң» және «Ерке лақ» атты балалар операларынан үзінділері топтастырылған.
|
 |
Нұрекеев, С. Қазақтелефильм : киножылнама [Мәтін] / С. Нұрекеев ; [құраст.-авт. Қ. Тұрсын] – Алматы : Тарпанбаева А. Ш., 2024. – 277, [2] б.: фотосурет. Автор бұл жинақта өткен тарихты елеусіз қалдыру, уақытты соза берудің қисынсыздығын сезініп, қолдағы бар құжаттарды әрі өзі білетін режиссер-операторлар еңбектерін жинастырып, әріптестерден сұрастырып, осы еңбекті даярлады.
|
 |
Сақай, Қ. Күміс қоңырау [Ноталар] : балаларға арналған әндер жинағы / Қ. Сақай ; [алғы сөзі Т. Қажыбаев] – Алматы : Тарпанбаева А. Ш., 2024. – 165, [2] б. Кітапқа елу бір ән іріктеліп алынған, композиторы Құрметтің өзі болғанымен өлең текстерінің иелері сан алуан. Жобасы, балалар әдебиетін игеру қанша күрделі де құрметті болса, сол балалардың айтуына орайлы, мән-мағынасы ұғынықты, түсінуге жеңіл.
|
 |
Хумарзах, А. Моңғолия қазақтарының сыбызғышылық өнері [Мәтін] / А. Хумарзах , А. Байтан. – Алматы : Тарпанбаева А. Ш., 2024. – 173, [2] б. Аталған кітапта Моңғолия қазақтарының сыбызғышылық өнері туралы қарастырылды. Соның ішінде Баян-Өлгий сыбызғышыларының өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен баяндалды.
|
 |
Әшімұлы, А. Актермін мен мың өліп, мың тірілген [Мәтін] / А. Әшімұлы. – Алматы : Дәуір, 2024. – 255 б. Кітаптың негізгі арқауы – даңқты өнерпаздың ой-толғаныстары, көзқарастары. Кең тыныстап, терең толғаудың арасында аптығын басып, кітаптың тұздығы тәрізді қысқа қайырымдарға көшеді.
|