 |
Оразалин, Н. Биіктік [Мәтін] : мақалалар, эссе, толғаныстар / Н. Оразалин. – Алматы : Алматы-Болашақ, 2024. – 429, [2] б. Бұл кітапқа Абай, Махамбет, Сүйінбай, Шәкәрім, Ә. Бөкейханов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Б. Момышұлы, т.т. уақыт, ұлт биігіне көтерілген тұғырлы тұлғалар туралы мақалалары мен эссе-толғаулары еніп отыр.
|
 |
Оразалин, Н. Кеңістік [Мәтін] : мақалалар, эссе, толғаныстар / Н. Оразалин. – Алматы : Алматы-Болашақ, 2024. – 469, [2] б. Бұл кітапқа автордың М. Мақатаев, О. Сүлейменов, Ш. Мұртаза, Ә. Кекілбаев, Т. Молдағалиев, Ф. Оңғарсынова, Қ. Ысқақ, Ә. Тарази, Н. Жақыпбай, т.т. секілді ұлттың рухани көкжиегін кеңейткен тұлғалар мен замандастарымыз туралы мақалалары және эссе-толғаулары еніп отыр.
|
 |
Жылқыбаева, Ш. Күнекейдің елінде [Мәтін] : әдеби зерттеулер, көркем публицистика, сұхбаттар / Ш. Жылқыбаева. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 777, [5] б. Бұл кітапқа автордың ежелгі жапон мәдениетінің бастаулары мен бүгінгі даму белестері туралы зерттеу мақалалары енгізілген.
|
 |
Уайсова, А. Ойтұмар [Мәтін] / А. Уайсова. – Алматы : Sardar G, 2024. – 229, [2] б. «Зар заман ақыны» Шортанбай мұрасының зерттеушісі, Ақпарат саласының үздігі журналист А. Уайсованың бұл жинағында мерзімді баспасөзде жарияланған мақалалары мен еліміздің белгілі тұлғаларымен болған сұхбаттар топтастырылды.
|
 |
Шәріп, А. Егеулі қалам [Мәтін] / А. Шәріп. – Алматы : Sardar G, 2024. – 365, [2] б. Кітапта автордың әр жылдарда жазылған ғылыми-көпшілік тақырыптағы мақалалары мен эсселері топтастырылған. Кітап үш бөлімнент тұрады.
|
 |
Қамзабекұлы, Д. Арайна [Мәтін] : зерттеулер мен мақалалар, сұхбаттар / Д. Қамзабекұлы. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 523, [3] б. Кітаптың ішіндегі қай зерттеуі мен мақаласын тілге тиек етсек те, Тәуелсіздіктен кейінгі қоғамдық-саяси, мәдени өміріміз бен руханият әлемімізге дендеп енген жаңалық, өзгерістер ағымына ілесе жазылған айтары анық, толғақты дүниелер.
|
 |
Батыр, Н. Сөз – мінез [Мәтін] : әдеби сын, сұхбаттар мен новеллалар / Н. Батыр. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 379, [3] б. Бұл жинақ әдебиет саласында қалам тартып жүрген жас сыншының алғашқы таңдамалысы. Кітапқа әдеби сын мақалалар, сұхбаттар мен новеллалар топтастырылған.
|
 |
Сарбалаұлы, Б. Азаттықты аманаттап [Мәтін] : әдеби сын эсселер / Б. Сарбалаұлы. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 349, [1] б. Кітап классик жазушымыз Ғ. Мүсірепов туралы өзіндік ой қозғап, К. Тоқаев, Г. Бельгер, Қ. Салғара, С. Балғабаев, Қ. Түменбай сынды он алты танымал тұлғалардың шығармашылық туындыларын саралаған сын эсселерінен тұрады.
|
 |
Рамазанова, Ш. Сөз сарасы [Мәтін] : ғылыми зерттеулер / Ш. Рамазанова. – Алматы : Sardar G, 2024. – 293, [1] б. Бұл жаңа кітап үш тараудан тұрады. Еңбектің жаңалығы мол, ғылыми сипаты басым, жеңіл оқылады.
|
 |
Әбсадық, А. Алаш жолы және Ахмет Байтұрсынұлы [Мәтін] : ғылыми зерттеулер / А. Әбсадық. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 302, [1] б. Кітап ағартушы ұстаз, қазақ халқының рухани көсемі А. Байтұрсынұлының шығармашылық, ғұмырнамалық бел-белестерін, қайраткерлік тұлғасын отандық және шетелдік архивтік мұрағат, жеке мұрағаттар, өлкетанушылық мағлұматтар және экспедициялық материалдар негізінде зерделейді.
|
 |
Әлімжанов, Б. Елдік пен Ерлік сырлары [Мәтін] : танымдық мақалалар, естеліктер, сұхбаттар / Б. Әлімжанов. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 461 б. Б. Т. Әлімжановтың кезекті кітабы айтары мол, танымдық дерегі мен дәйегінің аясы кең мақалалар мен ескірмейтін және әр жылдарда берген сұхбаттарынан тұрады.
|
 |
Кемелбаева, А. Салхар [Мәтін] : эсселер, мақалалар, сұхбаттар / А. Кемелбаева. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 334, [1] б. Автордың «Мәжнүн жүрек», «Сөз хикмет», «Папирус» атауымен бұрын жарық көрген жинақтарына әр жылдарда республикалық баспасөз бетінде жарияланған эсселері мен әдеби портреттер, сұхбаттары енсе, бұл кітап жанры жағынан солардың рухани жалғасы болып табылады.
|
 |
Нугуманова, А. 100 өнер қыраны [Мәтін] : зерттеу мақалалар / А. Нугуманова. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 333, [2] б. Кітапқа басы көне ғасырда өмір сүрген Қорқыт, ХІІ ғасырда Кетбұға, ХІV-XV ғасырларда Асан Қайғыдан бастау алса, одан кейін Ақтамберді, Бұқар жыраулар мен Махамбет, Тәттімбет, Сегіз сері, Құрманғазымен жалғасып, әйгілі өнер тарландарының соңы Нартай, И. Байзақов, Ш. Айманов, Н. Тілендиев, М. Мақатаевпен аяқталады.
|
 |
Негимов, С. Абайдың даналығы [Мәтін] : монография / С. Негимов. – Алматы : Дәуір, 2024. – 271 б. Кітапта қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл, хакім, композитор, ұлт қайраткері Абайдың шығармашылық өнернамасы – көркемдік, пәлсапалық, ғылыми дүниетанымы тарихи-филологиялық тұрғыдан сараланып зерделенді.
|
 |
Қожахметов, Қ. Таланты – ерек, табиғаты – бөлек [Мәтін] / Қ. Қожахметов. – Алматы : Тарпанбаева А. Ш., 2024. – 357, [1] б. Жазушының шығармаларына, ізденістеріне байланысты өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап бүгінге дейін сан алуан басылым беттерінде жарияланған ірілі-ұсақты дүниелер, арнау өлеңдерге шейін мұқияттылықпен ұсынылған.
|
 |
Файзолла, А. Теңізден тамшы [Мәтін] : әдеби-танымдық мақалалары мен зерттеулер / А. Файзолла. – Алматы : Дәуір, 2024. – 188 б. Кітапта әдеби-танымдық мақалалары мен зерттеулері енген. Онда ағылшын, француз, жапон, орыс, неміс, америкалық, ирландиялық т.б. қаламгерлердің романдарын, повестерін, әңгімелерін талдайды.
|
 |
Тарақов, Ә. С. Адамзаттың ақыны – ақиқаты [Мәтін] : монография / Ә. С. Тарақов. – Алматы : Дәуір, 2024. – 366 б. Кітапта ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының классигі, ұлы ақын М. Мақатаевтың шығармашылығы әлемдік әдебиет деңгейінде талданып, сарапталады.
|
 |
Рсалиева, Н. Көркем аударманың келелі мәселелері [Мәтін] : (І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларының негізінде) / Н. Рсалиева. – Алматы : Sardar G, 2024. – 253, [2] б. Бұл еңбекте І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының орыс тіліндегі аудармасы және орыс тілі арқылы жасалған ағылшын тіліндегі нұсқасы Кеңестік отарлау саясатының ықпалымен бұрмаланғаны айтылады.
|