Оңғарсынова, Ф. Таңдамалы [Мәтін] : өлеңдер жинағы / Ф. Оңғарсынова ; [алғы сөзі М. Құлкенов] – Алматы : Сардар, 2024. – 575 б.
Ақынның бұл таңдамалы жинағы – тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялық-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылығымыз. Ф. Оңғарсынованың сонау 50-ші жылдардан бастап, әр жылдарда жазған сыр-толғанысқа толы поэзиялық шығармалары енген.

Жұмат-Әлмашұлы, Ж. Сөз жүрегі [Мәтін] : Көңіл кеңістегіндегі жазбалар / Ж. Жұмат-Әлмашұлы. – Алматы : ЖК «Сакенова», 2024. – 292, [2] б.
Кезекті танымдық жинақ екі бөліктен тұрады. Алғашқысы – «Ой кітабы», екіншісі – «Өмір кітабы» деп аталған. Қаламгердің оқырманды ойландырар әрқилы пікірлері жинақталған.

Медетбек, Т. Қайран өмір [Мәтін] : көркем шығармалар жинағы / Т. Медетбек. – Алматы : ЖК «Сакенова», 2024. – 285, [2] б.
Бұл көркемдік шығармалар жинағына автордың өз өмірі туралы, ата-бабалары, ұстаздары және елімізге еңбегі сіңген қайраткерлер мен ақын-жазушылар жайлы жазбалары енгізілген.

Соғыстан соң туғандар [Мәтін] : өлеңдер жинағы / [құраст. Ғ. Қалибекұлы] – Алматы : Дәуір, 2024. – 575 б.
Ғасырлы тарихы бар республикалық «Жұлдыз» әдеби журналында «Соғыстан соң туғандар» айдарымен біраз жыл елге танымал ақындардың өлең жырлары үздіксіз жарияланып келген болатын. Сол дүниелердің дені осы жинаққа топтастырылды.

Айғалиев, Е. Ажал аралының тұтқыны [Мәтін] : хикаят, эссе-роман, қос арналы тарихи роман / Е. Айғалиев. – Алматы : Дәуір, 2024. – 417, [6] б.
Автордың бұл жинағына – «Ажал Аралының тұтқыны» атты хикаяты мен «Сарайшық ханшасы және Иван Грозный» қос арналы тарихи романы еніп отыр.

Қуантаев, Н. Балкон [Мәтін] : әңгімелер / Н. Қуантаев. – Алматы : Дәуір, 2024. – 246 б.
«Балкон» жинағы автордың өзінің шығармаларынан және өзі тәржіма жасаған шетел жазушыларының новеллаларынан тұрады. Белгілі прозашының осы кітапқа енген он сегіз әңгімесі – оқырманын баурап алатын, көркемдігі жоғары шығармалар.

Дулатов, М. Бақытсыз Жамал [Мәтін] : Роман. Әңгімелер. Өлеңдер / М. Дулатов. – Астана : Фолиант, 2024. – 204 б.
Қаламгер өзі өмір сүрген қоғамның өзекті мәселелерін, халықтың әлеуметтік жағдайы мен психологиялық күйін шебер суреттейді. Қай шығармасы да сол заманның шынайы келбетін көрсетеді.
Бұл жинаққа «Бақытсыз Жамал» романы, әңгімелері мен өлеңдері еніп отыр.

Ахметова, З. Жетілік ұғым [Мәтін] / З. Ахметова. – Алматы : Атамұра, 2022. – 144 б.
Әдетте, жеті қазына жайлы естіп жүргенімізбен, жалпы, қазақтың жетілік ұғымы туралы толық жазылмаған екен. Автордың бұл кітабының ерекшелігі де осында.

Нұржеке-ұлы, Б. Таңдамалы шығармалары [Мәтін] / Б. Нұржеке-ұлы. – Алматы : Жалын, 2024. – 766 б.
«Әр әйелдің өмірі бір-бір кітап екені де рас. Әр баласының дүниеге келуінің өзі бір-бір хикаяға татиды. Әйелге қызықпайтын, әйелге сөз арнамайтын еркек болмайды. Бірақ солардың бәрі әйелдің бағасын біле бермейтіні де шындық» – деп түсінетін жазушының бұл кітабына таңдаулы екі романы енгізілді.

Амантай, Д. Пұт-кітап [Мәтін] : хикаяттар, роман / Д. Амантай. – Алматы : Дәуір, 2024. – 335 б.
Кітапқа автордың «Пұт-кітап», «Біреудің өмірі» деген және басқа да жаңа хикаяттары, сондай-ақ «Бақыт биохимиясы» атты романы енді.

Ихсан, А. Зор Білгамеһәм Қорқыт Аташ [Мәтін] : драмалық шығарма / А. Ихсан. – Алматы : Керемет медиа, 2024. – 328 б.
Пьесаға өзек болған «Гильгамеш» поэмасы. Автор Энкидуды Қорқыт Атамен ауыстыру арқылы жалпы түркіге ортақ дүниетанымды, түркілер философиясын шығарма арқауына айналдырып, идеясына қызмет еткізеді.

Асан, М. Жан терезесіндегі жарық [Мәтін] : жыр кітабы / М. Асан. – Алматы : «Сардар» баспа үйі, 2024. – 288 б.
Аталған жинақта қалам иесі адам жанының терең қатпарларына үңіліп, сезімнің нәзік иірімдеріне батыл бойлайды. Автор сондай-ақ өзінің азаматтық үнін ашық танытып, жаңашыл жас буынды отаншылдыққа, елдікке шақырады.

Қайранбаев, Қ. Жүрегіме тіл бітсе... [Мәтін] : өлеңдер мен толғаулар / Қ. Қайранбаев. – Алматы : Дәуір, 2024. – 240 б.
Жаңа жыр жинағына негізінен ақынның кейінгі жылдары жазылған шығармалары топтастырылып отыр.