 |
Әбдікұлы, Т. Таңдамалы [Мәтін] : үш томдық. Т. 2 : Роман. Пьесалар. Әңгімелер / Т. Әбдікұлы. – Астана : Фолиант, 2024. – 480 б. Бұл роман қазақ даласындағы коллективтендіру кезеңін баяндайды. Шығармада аумалы-төкпелі шақтағы таптық күрестің шиеленісе дамуы шынайы көрініс тапқан, кейіпкерлер де дара, табиғи болмыстарымен есте қалады.
|
 |
Берікқажыұлы, Д. Барельеф [Мәтін] : өлеңдер жинағы / Д. Берікқажыұлы. – Алматы : Керемет медиа, 2024. – 184 б. «Барельеф» – Дәурен Берікқажыұлы шығармашылығының панорамасы іспеттес кітап. Мұнда жеке индивидтің жарты ғасырлық өткен өмір жолы ғана емес, жалпы социумның тәуелсіздік алғаннан кейінгі көңіл ауаны да бар.
|
 |
Жағыпарұлы, Ж. Қыз қыран [Мәтін] : хикаяттар мен әңгімелер / Ж. Жағыпарұлы. – Алматы : Керемет медиа, 2024. – 176 б. Бұл кітапқа белгілі жазушы-публицист Жылқыбай Жағыпарұлының әңгімелері мен хикаяттары, «Ақмола көтерілісі» атты естелік эссесі енгізілді.естелік эсседе автор өз басынан өткен оқиғаларды баяндайды.
|
 |
Әбдірайым, Т. Түнгі жол [Мәтін] : әңгімелер / Т. Әбдірайым. – Алматы : Керемет медиа, 2024. – 216 б. Бұл кітапқа соңғы жылдары жазған әңгімелері еніп отыр. Шығармаларының оқиғасы қызықты. Бүгінгі замандастарымыздың жан әлемін толғандырып жүрген қадау-қадау мәселелерді әр жақтан қозғап, ұрымтал да ұтымды деталь, диалогтар арқылы оқырман қауымға ұсынып отыр.
|
 |
Мұқай, Ө. Көлеңке [Мәтін] : хикаяттар мен әңгімелер жинағы / Ө. Мұқай. – Алматы : Дәуір, 2024. – 271 б. Автордың бұл жинағында үш хикая мен әңгімелері біріктірілген. Өзгермелі уақыт инерциясын оқырман жылдам аңғарады. Ол дегеніңіз, қазақ қоғамындағы диалектиканың деректі айғағы.
|
 |
Ыбырайымұлы, Ә. Ақылға атой [Мәтін] : роман / Ә. Ыбырайымұлы. – Алматы : Дәуір, 2024. – 367 б. Шығарма оқиғасы шиырлы әрі қазіргі заманғы кейіпкерлердің бейнесі сомдалған. Америкалық астронавт ғұлама Абайдың философиялық ойларын оқығанда, хакімнің жан дүниесіне ерекше құлқы ауады.
|
 |
Аймағамбет, А. Білте шамның жарығы [Мәтін] : көркем шығармалар жинағы / А. Аймағамбет. – Алматы : Керемет медиа, 2024. – 224 б. Жазушының бұл кітабына «Құрбанәлінің құдіреті», «Жазушы», «Жүлдегер», «Садақа», «Директор», «200 доллар» және басқа да әңгімелері мен «Миллионыншы тұрғын» повесі енгізіліп отыр.
|
 |
Мәмет, С. Жалқы жан [Мәтін] : хикаяттар, әңгімелер, эсселер / С. Мәмет. – Алматы : Дәуір, 2024. – 368 б. Кітаптың негізгі тақырыбы – арғы жылдардағы, қиын-қыстау тұстағы аналар шекке тағдыр тауқыметі, одан бергі өтпелі кезеңнің көріністері алуан түрлі кейіпкерлердің болмыс-бітімімен баяндалады, адам тағдыры, оның өскен ортасы жан-жақты сөз болады.
|
 |
Балтабаева, Г. Оралхан шыңы [Мәтін] / Г. Балтабаева. – Алматы : Керемет медиа, 2024. – 184 б. Бұл кітапта қазақ әдебиетіне өзіндік ерекше өрнегін қалдырған жазушы О. Бөкейдің прозалық туындылары бүгінгі күн тұрғысынан пайымдалып, қаламгер прозасындағы өзгеше өрнек пен өрелі ойдың мән-мазмұнын ашуға, бүгінгі заманның көкейкесті мәселелері ұлттық құндылықтар тұрғысынан қандай көркемдік шешім тапқанын анықтауға бағытталып отыр.
|
 |
Үсенбаев, Б. Мезет [Мәтін]: Жыр кітабы / Б. Үсенбаев. – Алматы : Керемет медиа, 2024. – 216 б. Жырсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген қаламгер оралымды ой, тегеурінді түйін, нәзік сезімге құрылған лирикалары арқылы адам жанының жұмбақ қырларын тап басып, ой толғаныстарын әдемі мәнермен жеткізеді.
|
 |
Смайылов, Ә. Құс жолында біреу жүр жоқ қараған [Мәтін] : жыр кітабы / Ә. Смайылов. – Алматы : Керемет медиа, 2024. – 160 б. Ақынның бұл жыр жинағына әр жылдары, әр кезеңде жазылған өлеңдері мен поэмалары енді. Өткен ғасырдың аяғы мен жаңа ғасырдың басын қамтитын туындылардан ескі заманның сипатымен қатар жаңа қоғамның кескін-келбетін де жазбай тануға болады.
|
 |
Бейсенова, Ш. Мына жарық дүние [Мәтін] : хикаяттар мен әңгімелер жинағы / Ш. Бейсенова. – Алматы : Дәуір, 2024. – 279 б. Жазушының бұл кітабына алуан сипатты кейіпкерлер тағдырын арқау еткен хикаяттары мен әңгімелері және мөлтек әңгімелер топтамасы жинақталған.
|
 |
Досаев, Д. Ұлы даланың өр ұландары [Мәтін] : естеліктер, әңгімелер, мақалалар / Д. Досаев. – Алматы : Дәуір, 2024. – 206 б. Кітапқа автордың өзі көрген, естіген жайларынан жазған естеліктері, мақалалары және бірнеше шағын әңгімесі енген.
|
 |
Түменбаев, Қ. Қырмандағы қара торғай [Мәтін] : хикаяттар мен әңгімелер / Қ. Түменбаев. – Алматы : Дәуір, 2024. – 366 б. Белгілі қаламгердің жаңа жинағына хикаяттары мен әңгімелері топтастырылған. Жинақтағы шығармалар мазмұндылығымен және жаңалығымен ерекшеленеді, бүгінгі күн мәселелерін алға қойып, суреткерлік шеберлігін танытқан.
|
 |
Райыс, Б. Жаны жарық жұлдыздар [Мәтін] : өлеңдер, поэмалар / Б. Райыс. – Алматы : Алматы-Болашақ, 2024. – 224 б. «Ахметтің айыбы» поэмасы Алаш арысының өнегелі өміріне арналса, «Кермененің кемелденуі» поэмасы ғылым мен ар жолы тұтастығының адамзат үшін маңызы жөнінде сыр аңғартады.
|
 |
Аманов, Колан. Үрей [Мәтін] : деректі-көркем роман / К. Аманов. – Алматы : Балауса, 2024. – 280 б. «Үрей» – өмірбаяндық роман. Автор өзінің өмірлік сынақтары мен тәжірибелерінің объективі арқылы қазақ халқының үлесіне түскен нақты оқиғаларды, апаттар мен азаптарды сипаттайды.
|