Әулиекөл аудандық кітапханасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай мұрасы - біздің ұрпағымызға!» атты әдеби нон - стоп шарасын өткізді. Мақсаты - оқырмандарға Абайдың шығармашылығы мен рухани мұрасын кеңінен таныстыру. Кітапханашы аудан тұрғындарына "Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін білесіздер ме?" деп сұрақ қойып, жастарды Абайдың терең сырлы әндерін орындауға әрі оның поэзиялық шығармаларын оқуға шақырды.
Шара барысында "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық ай", "Күз", "Қыс", "Ғылым таппай мақтанба", "Әсемпаз болма әрнеге", "Жігіт сөзі" сияқты шығармалар айтылды. Аудан тұрғындарының белсенді қатысуы, әндердің шырқауы және поэтикалық жолдардың оқылуы Абай мұрасының жас ұрпақ үшін аса маңызды әрі құнды екендігін көрсетті.










