Биылғы жылы Әулиекөл аудандық кітапханасы 90 жылдығын атап өтті. «Алға ұмтылған кітапхана» жылдық жобасы шеңберінде «Мерейтой жай күн емес, мерейтой еңбектің жемісі» атты мерекелік бағдарламасы өтті.
Іс- шараға кітапхана оқырмандары, кітапханалық істің ардагерлері, «Дәстүр» әдеби- фольклорлық клубы, «Диалог» бірлестік клубы, ауылшаруашылық колледжінің оқушылары мен өнер мектебінің жас таланттары қатысты. Ақын Тоғайбай Бабыр мен Абай Қажы кітапхананың мерейтойына арналған жаңа шығармаларымен қуантты. Барлық қонақтарға номинация бойынша грамоталар мен алғыс хаттар тапсырылды. Іс- шарада қонақтарға «Біздің өміріміздегі кітаптар» викторинасы ұсынылды. Мерейтойда кітапхана туралы электронды тұсаукесер қоса берілді. «Мерейтойың құтты болсын, кітапхана!» кітап көрмесі әзірленді.