Новоселов ауылдық кітапханасында Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақ халқының бостандығы үшін күрескен ақын» атты әдеби сағат өтті.

Іс - шараның мақсаты - оқырмандарға ұлт азаттығы үшін күрескен ұлы тұлға, ақын және қоғам қайраткері М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның халыққа сіңірген еңбегін насихаттау, оқырмандарды отансүйгіштікке, ұлттық сана мен рухқа тәрбиелеу.

Іс - шараны кітапханашы кіріспе сөзбен ашып, М. Дулатовтың өмірбаяны мен шығармашылық жолына шолу жасады.

Оқырмандарға «Оян, қазақ!» жинағының тарихи маңызы туралы баяндалды. Кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, ондағы «Бақытсыз Жамал», «Азамат», «Оян, қазақ!» сынды еңбектерге шолу жасалды.

Бейнематериалдар көрсетіліп, қатысушылар арасында пікірталас өтті.

Шара барысында кітапхана қоры насихатталып, оқырмандар белсенділік танытты.