Лаврентьев ауылдық кітапханасында қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай «Шәмші аға - әнші аға» атты ән сайысы өтті. Шараның мақсаты - ұлы композитордың өмірі мен шығармашылық жолын кеңінен таныстырып, оның көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерінің тарихын насихаттау.

Сайыс барысында «Қайдасың», «Ақ бантик», «Арыс жағасында», «Сарыжайлау», «Бақыт құшағында» секілді жүрекке жақын әуезді әндер орындалып, қатысушылар Шәмші мұрасының мәңгілік екенін тағы бір дәлелдеді.

Осындай мәдени шаралар ұлттық музыкаға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, жас ұрпақтың жүрегіне патриоттық сезім ұялатып, халқымыздың бай рухани қазынасын болашаққа жеткізуге үлкен үлес қосады.