12 қаңтар күні Аманқарағай балалар кітапханасында 2026 жылы мерейтойы аталып өтетін шығармалар ұсынылған «Мерейгер кітаптар – 2026» атты көрме-байқау ұйымдастырылды. Адамның жан дүниесін байытып, бойындағы ізгі қасиеттерді оятатын көркем шығармалар ешқашан өзектілігін жоғалтпайды және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Осындай құнды кітаптардың мерейтойы оқырмандардың құрметімен атап өтіледі.
Көрмеге 2026 жылы мерейтойы аталып өтетін қазақстандық, орыс және шетелдік авторлардың ерекше назар аударуға лайық шығармалары қойылды. Олардың қатарында Ж. Жабаев, Н. Гоголь, А. Грибоедов, М. Булгаковтың шығармалары, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосы, І. Есенберлиннің туындылары және басқа да әдеби шығармалар бар.
Шетел әдебиетінің классикалық туындылары арасында әлем әдебиетінің дамуына елеулі ықпал еткен Л. Кэрролл, М. Твен, Дж. Свифт, Э. Т. А. Гофманның шығармалары да ұсынылды. Бұл – өз дәуіріне ықпал етіп қана қоймай, бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтпаған құнды кітаптар.2026 жылы орыс әдебиетінің танымал шығармалары да өздерінің мерейтойларын атап өтеді. Олардың қатарында А. Толстой, Э. Успенский, С. Михалковтың шығармалары, сондай-ақ әлемге әйгілі «Винни-Пух» туындысы бар.
Көрме оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, әдеби мұраны насихаттауға және әр кезеңнің құнды шығармаларымен таныстыруға бағытталды.