20 қаңтар күні Октябрь ауылдық кітапханасында «Балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби сағат өткізілді.
Әдеби сағат кітапханашының кіріспе сөзімен басталды. Онда Ы.Алтынсариннің қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы екені, оның тұңғыш оқулық жазып, мектеп ашып, білім жолында аянбай еңбек еткені туралы айтылды.
Іс-шара барысында жазушының «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар», «Әке мен бала» сияқты тәрбиелік мәні зор шығармалары оқылып, мазмұны талданды. Оқушылар шығармалардан алған әсерлерімен бөлісіп, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне өз бағаларын берді.
Сонымен қатар Ы. Алтынсариннің нақыл сөздері оқылып, олардың тәрбиелік мәні түсіндірілді. Әдеби сағат оқушыларды білімге, адалдыққа, еңбексүйгіштікке үндейтін ой-толғаумен қорытындыланды.
Аталған әдеби сағат оқушылардың ұлы ағартушы Ы.Алтынсаринге деген құрметін арттырып, оның шығармалары арқылы рухани тәрбие беруге ықпал етті.











