20 наурыз күні Аманқарағай ауылдық кітапханасы-коворкингте қазақ халқының ең жарқын әрі маңызды мерекелерінің бірі – Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің – Наурыз» атты көрме-макет ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – қазақ халқының мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлерін насихаттау, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру.
Наурыз – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын және шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басталуын білдіретін ежелден келе жатқан мереке. Ол өмірдің жаңғыруын, достықты, бірлік пен татулықты, молшылық пен берекені бейнелейді.
Көрме-макетте халықтық мерекенің ерекше атмосферасын бейнелейтін ұлттық сәндік элементтер мен дәстүрлі атрибуттар ұсынылды. Көркем композиция арқылы Наурыз мерекесіне тән қонақжайлық, бірлік, татулық пен қуаныштың рухы көрініс тапты.
Көрме келушілерге ұлттық салт-дәстүрлеріміздің мәнін таныстырып, мейрамының мәдени және рухани маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.











