31 наурыз күні Құсмұрын ауылдық кітапханасы «Ардақты өлке - Қостанай» тақырыбында оқушыларға өлкетану сағатын өткізді. Мақсаты: өңір тарихы, мәдениеті, атақты тұлғаларымен таныстыру, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру.Іс- шара «Қостанай десе ойыңа алдымен не келеді?, облыстан шыққан атақты адамдарды білесің бе?» деген сергіту сұрақтармен басталды. Одан соң оқушыларды Қостанай облысының құрылу тарихы, ертедегі атаулары, қаланың өсу қарқыны тың игерумен, Торғай бассейнінің ірі пайдалы қазбалар кен орындарын игеру негізінде жаңа өндірістік аймақтың құрылуымен және теміржол құрылысымен байланысты дамығаны туралы ақпарат берілді. Қаладағы білім беру, мәдени ошақтары, атақты тұлғаларымен таныстырылды. Екінші бөлімде облыс туралы тұжырым оқылып, қатысушылар «Факт немесе фейк» деп жауап берді. Соңғы бөлімде екі оқушыға сұрақтар оқылып, жауаптар кітаппен берілді. Оқушылар белсене қатысып, қызығушылық танытты.Туған өлкенің сырлы тарихы мен бай мұрасы оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Қостанай облысының өткенін танып, бүгініне көз жүгірткен оқушылар үшін бұл сабақ әсерлі және тағылымды болды.











