8 сәуірде Әулиекөл аудандық кітапханасында Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың болғанына орай «Чернобыль: Тарих пен тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға І. Сьянов атындағы мектептің 9-сынып оқушылары қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – оқушылардың Чернобыль апаты туралы білімдерін кеңейту, экологиялық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қоршаған ортаның болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.Іс-шара барысында кітапханашылар 1986 жылғы 26 сәуірде болған апаттың тарихы, оның себептері мен адамзатқа және табиғатқа тигізген ауқымды зардаптары туралы ақпарат берді. Апаттың салдарын жоюға қатысқан азаматтардың, соның ішінде қазақстандық жерлестеріміздің тағдырына ерекше назар аударылды.Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, білгендерімен бөлісті және көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Іс-шара барысында Чернобыль трагедиясын және оның қазіргі әлемге әсерін көрсететін тақырыптық материалдар, фотосуреттер мен деректі мәліметтер ұсынылды.Дөңгелек үстел соңында қатысушылар Чернобыль оқиғалары туралы тарихи жадыны сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы қорытындыға келді. Мұндай іс-шаралар өткеннен сабақ алып, болашақта осындай қайғылы оқиғалардың алдын алуға және табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.