12 қантарда аудандық кітапханада «Жұлдызды қорым: 2015 жылғы мерейгер-кітаптар» кітап көрмесі жұмыс істеуді бастады. Бұл қазақстан  авторларының көрмесі, олар шығарылған мерзімі бойынша 2015 жылы мерейтойын атап өтеді. Көрменің мақсаты- оқырмандарға қазақстан әдебиеттерінің ең үздік авторлары туралы  еске салу, жазушылардың жеке басы, қызметі және тағдыры туралы ойланып- толғануға шақыру, олардың шығармашылығымен таныстыру.

Олардың ішінде «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» (150 жыл), С.Торайғыровтың «Кім жазықты» (100 жыл), Б.Майлиннің «Азамат Азаматович», Ғ. Мустафиннің «Шығанақ», Ғ. Мүсіреповтің «Солдат из казахстана» кітаптары. Биылғы жылы мерейтойын атап өтетін барлық кітаптар туралы бірден айтып беру мүмкін емес. Сондықтан көрме жыл бойы жұммыс істейді. Көрмемен танысу үшін аудандық кітапханаға шақырамыз.