30 сәуір күні  Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Диев ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Бір шаңырақ астында» атты достық сабағын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың елімізде тұратын түрлі этнос өкілдеріне деген құрметін қалыптастыру, достық пен бірлікті нығайту, толеранттылық пен өзара түсіністікті тәрбиелеу.
Сабақ барысында қатысушылар Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысты. Сонымен қатар танымдық ойындар мен пікірталастарға белсенді қатысты. Балалар достық, бейбітшілік пен татулық туралы өз ойларымен бөлісіп, халықтың ең басты байлығы – бірлік деген қорытындыға келді.
Осындай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақты өзге адамдарды құрметтеуге, мейірімділікке, татулық пен бейбітшілікті бағалауға және қоғамдағы бірлік пен келісім үшін жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.