3 сәуір күні  Құсмұрын балалар кітапханасында Дүниежүзілік балалар кітабы күніне орай бастауыш сынып оқушыларына арналған «Кітапхана + кітап + балалар – әлемдегі ең жақсы достар!» атты қызықты әрі танымдық кітап ассортиі өткізілді.Балалар кітаптардың ғажайып әлеміне саяхат жасап, танымдық ойындарға, викториналарға, жұмбақтарға және көңілді тапсырмаларға белсене қатысты. Жас оқырмандар балалар әдебиетінің сан алуан түрлерімен танысып, сүйікті кейіпкерлерін еске түсіріп, өздеріне жаңа әрі қызықты кітаптарды ашты.Іс-шара барысында балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға және білім, қиял мен ізгі оқиғалар мекені саналатын кітапхананың маңызын танытуға ерекше көңіл бөлінді.Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй, жағымды әсер және қуаныш сыйлады. Кездесу жас оқырмандардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырып, кітапханаға қайта-қайта келуге деген ынтасын оятты.